500 ДАНА КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ
Шараға Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерлан Мағзымбаев пен аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев қатысып, ақынның туындысы ауыл өмірін айшықтап көрсеткенін атап өтті.
Ауыл тұрғындары мен ұстаздар қатысқан шарада сөз алған Қайрат Дәулетқұлұлы елеп-ескере келген азаматтарға алғысын білдіріп, ауданның кітап қорына, кітапханаларға 500 дана кітапты тарту етті.
Шараға аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева, орталық директоры Салтанат Құрманова, жергілікті журналист, жазушы Байтанғали Төлентаев қатысып, кітап туралы тұщымды пікірлерін ортаға салды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі