Астанада Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған театр фестивалі өтеді

 17-26 маусым аралығында Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған I Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі және киноапталық өтеді. Фестивальдің ресми ашылуы «Бейбітшілік және келісім сарайында» сахнасында 17 маусым күні сағат 17:00-ге белгіленген. Фестиваль кәсіби театр өнері саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен шығармашылық байланыстарды дамыту, сондай-ақ ұлттық өнерімізді насихаттау, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан халық артисі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Асанәлі Әшімовтің шығармашылығын әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған әйгілі актердің өнерін шыңдаған қара шаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театры, Астана Жастар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театры және «Астана мюзикл» театрымен қатар, Ресей, Беларусь, Грузия, Германия, Латвия, Оңтүстік Корея мен Қырғызстанның өнер ұжымдары қатыспақ.

whatsapp-image-2017-06-07-at-16-30-20

Ал, «Сары-Арқа» және «Керуен-сити» ойын сауық орталығындағы кинопарк желілерінде АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІҢ 80 жылдығына арналған киноапталықты Астана тұрғындары мен қонақтарына тегін тамашалауға мүмкіндік бар.

ЕлАна-ақпарат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған