Тілек орындайтын 10 ереже

1. Не қалайтыныңызды нақты білуіңіз керек.
2. Тілегіңіз орындалатынына мүлтіксіз сеніңіз. Тілекке өзіңізді лайық көріңіз. Сәл уақыттан кейін орындалады.
3. Қалаймын демеңіз, мен де осы нәрсе бар деп айтыңыз. Қалаймын десеңіз, тек қалап отыра бересіз.
4. Қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт күтуге тура келеді. Ешқашан үміт үзбеңіз.
5. Тілектің орындалмауына да дайын болу керек, себебі Ғалам өзіне еркіндік беретіндерге мол сый жасайды, қалайда орындалсын деп міндеттейтіндерді ұнатпайды.
6. Тілегіңізге қатысты көңіл күйіңіз бен эмоцияңыз жарқын болсын.
7. Тілегіңіз туралы жиі-жиі ойлаңыз. Орындалып қойғандай елестете беріңіз.
8. Тілегіңіз орындалса да, орындалмаса да оның орындалғаны үшін Ғалам мен Жаратқанға алғыс айтуыңыз керек.
9. Тілегіңізді қалай орындау керектігін білсеңіз, нақты әрекетке көшіңіз. Қалай орындау керектігін білмесеңіз, санаңызға жақсы ой келгенше, не өздігінен орындалғанша күтесіз.
10.Сіздің тілегіңіз ешкімге зиянын тигізбеуі керек.

Аударған Шынар Әбілдә

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған