ЭКСПО-2017: АҚШ павильонының ерекшелігі

ЭКСПО-2017 көрме кешенінде Америка Құрама Штаттарының павильоны ашылды.

«Қазақстан мен АҚШ-тағы біздің әріптестерімізді құттықтаймын, олардың әрқайсысы біздің павильонның ашылуына елеулі үлес қосты. Бірлескен іс-қимыл АҚШ пен Қазақстанның дипломатиялық қатынастарының энергиясын көрсетеді», — деп атап өтті павильон комиссары, Қазақстандағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол.

АҚШ павильонының президенті Джошуа Уолкер Американың шексіз энергиясының қайнар көзі адамдар екендігін атап өтті.

Айта кетейік, АҚШ экспозициясы 1 100 шаршы метр аумақты алып жатыр және ол үш бөліктен тұрады: 1-зал «Энергия кеңістігі» деп аталады, 2-зал «Өмір энергиясы» және пост-шоу аймағы.

АҚШ павильонының тағы бір ерекшелігі — қонақтарды қазақ немесе орыс тілдерін меңгерген қырық америкалық студент қарсы алады.

Baq.kz