Маңғыстау облысының С.Шапағатов ауылында мешіт ашылды

Рамазан – қайырымдылық айы. Қасиетті айда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылында мешіт ашылды. Имандылық үйі “Қызыл жарты ай” қоғамдық қорының демеушілігімен бой көтерген. Салтанатты шараға облыс әкімі, өңірдің бас имамы мен ауыл тұрғындары қатысты. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының шешімімен мешітке имам да бекітілген.0048

¤Зәулім мешіттің құрылысы, күмбезі заман талабына сай тұрғызылған. Қазақы ою өрнектермен көмкерілген. Имандылық үйінде бір мезетте 300 адам намаз оқи алады. 2 қабаттан тұрады. Жоғары бөлігі әйел кісілерге арналса, ал төменгі қабатында ер адамдар құлшылық ете алады.

Ашылайын деп жатқан мешіт өңірдегі 29-шы мешіт. Әрбір мешіт Елбасы айтқандай бұл рухани үлкен орталық болу керек. Бұл үлкен білім орталығы болу керек.  Имандылықты халықтың жүрегіне жеткізетін орталық болу керек. Салты мен дәстүрі мықты халқымыз әр уақытта осы бағытта жүретінін мен жақсы білемін. Жаңа мешіт құтты болсын. Еліміз амандықта болсын, деді шарада сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
07029

¤Ауыл тұрғындары мешітті ұзақ күтті. Себебі, Сайын-Шапағатов елді-мекенінде бұрын-соңды имандылық үйі болмаған. Жаңа мешіттің ашылуына ауылдың алты жасар баласынан, алпыстағы қариясына дейін жиналды.

Президентіміздің “Рухани жаңғыру” мақаласында осы дін саласын жақсы көңіл бөлінген. Осы бағытта ел болып жұмыс істейміз. Ашылып жатқан мешітіміз құтты болсын. Жамағаты көп болсын. Барлығы да Алланың ақ жолымен, Пайғамбарымыздың жолымен, Бекет атаның салған жолымен жүрсін деп тілейміз, дейді Сайын Шапағатов ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Терекбай Жаңбыршин.

¤Имандылық үйі “Қызыл жарты ай” қоғамдық қорының демеушілігімен салынған. Жоба құны 60 млн теңге.

¤¤Жаңа мешіттің жанынан алдағы уақытта имамдарға арналған қызметтік пәтер, асхана мен діни сауат ашу сыныбын салу жоспарланған.

Айман Оңғарбайқызы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған