Ораза тұтқандарға берілетін 5 сый

Жаратушымыз бізге парыз еткен бұйрықтары арқылы ауырлықты емес, жеңілдікті қалайды. Соның бірі – ораза ұстау. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ораза тұтқан адамдарға мына бес нәрсе берілетінін айтқан:
  1. Рамазан айының алғашқы түнінде Хақ тағала оларға рақымдылығымен қарайды. Алла кімге рақымдылығымен қараса, оны ешқашан азапқа ұшыратпайды.

  2. Ораза тұтқандардың ауызының иісі Алла құзырында хош иіс болып саналады.

  3. Күндіз-түні періштелер ораза тұтқандардың кешірілуі үшін Аллаға жалбарынады.

  4. Алла ол күні жұмағына бұйырып: «Ей, жұмақ, құлдарым үшін дайындал, безен. Дүниенің қиындығынан құтылып, менің құзырыма және сыйыма келіп, демалатын уақыттары жақындады» -дейді.

  5. Рамазанның соңғы түні келгенде Алла ораза тұтқан құлдарының барлығын кешіреді. Бір сахаба: «Уа, Алла елшісі, бұл қадір түні ме?» -деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жоқ, жұмысшылардың күні бойы жұмыс істеп, жұмыстарын бітіргеннен кейін жалақыларын алатынын білмейсіңдер ме?» -дейді.

Міне, Жаратушымыз осылайша бізге Рамазанда әдеттегіден де мол мүмкіндіктер беріп қойған. Сондықтан аталған сыйға ие болуға асығайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған