Ислам дінін қабылдаған әлемге танымал тұлғалар

Екі куәгердің көзінше мұсылман болуға ниетті екенін дауыстап айту арқылы ислам дінін оп-оңай қабылдауға болғанымен, жүрегіңе иман ұялатып, мұсылмандыққа лайық өмір сүру әлдеқайда қиын.

 

шон стоун interfax.by

Фото: interfax.by

Режиссер Оливер Стоунның ұлы 27 жастағы Шон Стоун (Sean Stone) жақында ислам дінін қабылдағанын жария етті. Енді ол шейіттердің қатарында. Айта кетерлігі оның әкесі — иудей, анасы — христиан.

«Ислам дінін қабылдау — христиандықтан немесе иудейліктен кету дегенді білдірмейді. Аталмыш діндермен мен дүниеге келдім. Бұл мен Мұхаммед пен өзге пайғамбарларды қабылдадым деген сөз. Адамдар ислам, иудейлік пен христиан діні бір-біріне қарсы деп ойлап, қателесіп жатады. Оның жаңсақтық екенін үңіле қарасаңыз түсінетін боласыз. Мен үшін амеркиалықтарға Исламның нағыз табиғатын түсіндіру маңыздырақ», — дейді өзіне жаңадан Әли есімін алған Шон.

Ол мешітке барған сайын жаны жадырап сала беретінін жасырмады.

«Мен мешітке барған сайын өзімді жақсы сезінемін. Мен Жаратушымыз жалғыз екеніне сенемін. Ал сіздің мұсылман, христиан немесе еврей екеніңіздің бұл тұрғыда еш маңызы жоқ», — дейді жас режиссер.

Кассиус Марцеллус Клэй

али

1964 жылы 22 жасында алғашқы чемпиондық атағын алған Кассиус Марцеллус Клэй бір аптадан кейін есімін Мұхаммед Әли (Muhammad Ali) деп өзгертіп, тарихта атын қалдырады.

мухамед boxing.ru

Фото: boxing.ru

Сол кезде бәрі боксшының ұзақ уақыт Ислам ұлты ұйымына мүше болып келгендігін білді. Соған қарамастан, Нью-Йорк штатының спорт комиссиясынан бастап ешкім оның мұсылман екенін мойындағысы келмеген.

Жак Ив Кусто

кусто wwportal

Фото: wwportal.com

Танымал француз зерттеушісі Жак Ив Кусто өзінің ислам дінін не себепті қабылдағанын түсіндіруге тырысқан.

«1962 жылы Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінде зерттеулер жүргіздік. Олардың сулары мыңдаған жылдар бойы өзара Гибралтар жағалауында ұштасып жатыр. Ондай жағдайда ғылыми тұрғыдан теңіз бен мұхит суларының атомдары араласып, фаунасы мен флорасына өзгерістер енгізуі тиіс болатын. Алайда іс жүзінде ешқандай өзгеріс жоқ. Суларды көрінбейтін шекара бөліп тұрғандай. Мені бұл жағдай қатты қызықтырды. Мен оның жауабын табуға барымды салсам да, түк шықпады. Бір күні мен профессор Морис Букайганы жолықтырып қалдым. Ол маған жауабын мұсылмандардың кітабы Құраннан ізде деп кеңес берді», — деп сөзін бастады зерттеуші.

Ол Құраннан іздеген сұрақтарының жауабын тауып, қатты таңырқаған.

«Құранда келесі сөздер жазылған: «Ол қосылып кету мүмкіндігі бар екі теңізді қатар ағызып қойды. Бірақ араларына тоспа тастап, қосылмайтындай етті. Тәңірдің қай тағылымын жоққа шығара аласыңдар? Екеуінен де інжу-маржан шығады. Тәңірдің қай ізгілігін теріс дей аласыңдар?» (Рахман:19-23). Осыдан кейін менің көзім ашылып, исламға бет бұрдым. Қазіргі ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған Құранға ант етейін, ол – Аллаһтың хақ сөзі», — деп капитан Кусто «Біз неге мұсылман атандық» деген кітабында өзі туралы жазады.

Лев Толстой

Толстой greylib.align.ru

Фото: greylib.align.ru

«Анна Каренина», «Воскресение», «Война и мир» романдарының авторы Лев Толстой да өзінің діни көзқарастары үшін қуғынға ұшыраған кезінде таныстарына 1884 жылдың сәуірінде жолдаған хаттарының бірінде келесі сөздерді жазған:

«Сіздер менімен бір діни сенімде болсаңыздар қатты қуанар едім. Сол кезде ғана мені түсіне алар едіңіздер. Бүгінде менде байлық та, атақ та жоқ. Менен достарым ғана емес, туыстарым да теріс айналды. Либералдар мен эстеттер мені есінен адасқан деп санайды. Мені Гоголь секілді  алжасты деп, радикалдар қатарына енгізіп қойды. Православие дініндегілер мені, тіпті құбыжық санайды. Бұл маған өте ауыр тиіп жатқанын мойындауға мәжбүрмін. Сол себепті мені тек діндар мұсылман деп санауларыңды сұраймын», — деп жазған Толстой.

Ол мұсылманға күйеуге шыққан орыс әйелі Е. Великова өз ұлын қай дінге бұруы керектігінен кеңес сұраған хатына келесі жауап қайтарған:

Егер біз православиеден ислам дінін жоғары қойсақ, мен бұл таңдауды қуана қабылдар едім

«Егер біз православиеден ислам дінін жоғары қойсақ, мен бұл таңдауды қуана қабылдар едім. Менің бұлай деуім күпірлік болып көрінгенімен, мен исламның православиеден жоғары тұрғанын айтуды доғара алмаймын. Егер екі діннен таңдау мүмкіндігін берсе, мен ғана емес, көптеген адамдар да үш құдайлықты насихаттайтын, олардың суреттерін салып, тарататын православиеден гөрі жалғыз Алла барына сендіретін ислам дінін таңдар еді», — деп жазған ол хатта.

Уилл Смит

уилл смит showbiz-news.ru

Фото: showbiz-news.ru

STC Publications басылымы америкалық танымал әртіс Уилл Смиттің ислам дінін қабылдағанын жариялады. Ол бұл шешімге Мұхаммед Әлидің рөлін сомдағаннан кейін келген.

Уилл терроризм туралы БАҚ-қа берген сұхбатында «Біз, мұсылмандар, терроризм мен қылмысты жақтайтындардың қатарында емеспіз», — деген. Ал Мұхаммед Әли болса, «Мен ислам терроризм діні болса, онымен ел алдына сеніммен шықпас та едім», —  деп жауап қайтарған.

Нил Армстронг

Армстронг susanin.udm.ru

Фото: susanin.udm.ru

Америкалық ғарышкер Нил Армстронг та Айға сапарынан кейін ислам дінін қабылдаған.

«Мен Айға дұға етпей қондым, енді дұға етемін, мені мұсылман деп санай беріңіздер», — деп жазған Нил өзінің «Ай Одиссеясының құпиялары, жұмбақтары және аңыздары» атты мақаласында.

Армстронг, Олдринг және Коллинс алғаш рет “Аполлон — 11-мен» Ай бетіне аяқ басқан сәтінде алыстан  ашық тұрған үлкен кітапты байқаған деп жазадыalashainasy.kz.

Артынша, олар бір әуен естіген. Ғарышкерлер алғашқыда ол әуенді радио толқынының жаңғырығы болар деп те ойлайды.

армстронг supercoolpics

Фото: supercoolpics

Бірақ, олар қонған ай бетінде радио толқындарын қабылдауы мүмкін емес болатын. Жердегі ғарышкерлермен байланыс орталығындағылар да арнайы байланыс құралы арқылы сол әуенді естіген.

Ғарыш орталығындағылардың бірі «Дауыс жерден шықты» десе, енді бірі «Айдан келіп жатыр» деп, тартысқан. Дауыстың қайдан келіп жатқанына нақты дәлел таба алмаған соң орталықтағылар бір байламға келе алмайды.

Ғарышкерлер кітапты суретке түсіріп, әуенді таспаға жазып алады. Алайда оған ешбір ғылыми негіз таба алмағандықтан, тылсым дүниені жұмбақ күйінде құпия сақтаған.

Арада он төрт жыл өткенде, 1983 жылы американдық ғарышкер, астроновт Нил Армстронг ғылыми конференцияға қатысу үшін Мысырға келеді.

Конференция өтіп жатқанда президиумда отырған Армстронгтың құлағына Ай бетінде естіген құпия әуен қайта естіледі. Айдағы әуенді Жерде естіген Армстронг жан-жағына елеңдеп, түрі өзгеріп кетеді.

Таңғалысын жасыра алмаған ғалым айналасындағылардан: «Бұл қандай әуен?» деп сұрайды. Олар мұның жай әуен емес, мұсылмандарды намазға шақыру белгісі – азан екенін айтады. Сонда Армстронг алғаш Айға қонғанда осы дауысты естігенін айтады.

армстронг ntv.ru

Армстронг. Фото: www.ntv.ru

Менің тұла бойымды шымырлатып, шып-шып тер шығарған осы дауыс

«Осы дауыс! Менің алғаш рет Айға қонғанда естігенім осы дауыс! Менің тұла бойымды шымырлатып, шып-шып тер шығарған осы дауыс», — деп таңданысын жасыра алмайды ол. Сол күннен бастап ғарышкер, астроновт-ғалым Нил Армстронг ислам дінін қабылдаған екен.

Ғалымдар азанның жер шарында 24 сағат бойы үздіксіз айтылатынын дәлелдеген. Біріккен араб әмірлігінің математик-ғалымдары азанның айтылуы мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізген.

азан1 islamdag.ru

Фото: islamdag.ru

Зерттеу қорытындысын жариялаған ғалым Абдул Хамид әл-Фадил 360 сағаттық меридианнан тұратын жер планетасының әр меридианы бір-бірінен тура төрт минуттық интервалмен бөлінетінін есептеп шыққан.

Ғалымның айтуынша, азан да орта есеппен 4 минут айтылады екен. Сондықтан да, азан бір мезгілде, бір меридианда айтылып бітсе, келесі меридианда басталып жатады. Сондықтан да, жер шарында азан 1440 минут немесе 24 сағат бойы үздіксіз орындалады.

Бір қызығы ғарышкер Юрий Гагарин де ғарыштан азан дауысын естіп, ислам дінін қабылдады деген қауесет тараған. Алайда бұл қауесеттер ресми тұрғыда расталмады.

гагарин minipedia.org.ua

Фото: minipedia.org.ua

Амерканың поп-әншісі Майкл Джексоннің де 2003 жылы ислам дінін қабылдағаны туралы расталмаған ақпарат тараған. Бірінші болып мұндай ақпаратты таратқан New York Post басылымы оның ислам дініне өтуінің себебін атап көрсете алмаған.

джексон

Жақында ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей президенті Владимир Путиннің де ислам дінін қабылдағаны туралы расталмаған ақпарат жазыла бастады деп хабарлайды qamshy.kz.

Осыған қатысты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков  «Интерфакске» берген сұхбатында Lifenews арнасының таратқан бұл ақпаратының шындыққа жанасатынын жеткізген.

«Иә, ондай шешімнің қабылданғаны рас. Президент мырза маған бұл жайлы егжей-тегжейлі айтып берген жоқ. Бірақ, бұл оның  жеке басына қатысты. Өз қалауы. Мен президент Владимир Путиннің бұл таңдауын құптаймын. Тіпті бұл мені де қызықтырып жүр. Мен де қазір Құран оқып үйренудемін», — дейді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песков.

Путин politikus.ru

Фото: politikus.ru

Ал Ресейдің Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Всеволод Чаплин мырза «Россия» телеарнасына берген сұхбатында «Ресей патриархы қатты ауырып жатқанына байланысты ол кісі бұл мәселеге қатысты қандай да бір мәлімдеме жасай алмайды. Ал менің жеке басыма келер болсақ, Ресей президентінің бұл шешіміне, әрине,  түсіністікпен қараймын. Ол оның жеке таңдауы», — деп мәлімдеме жасаған.

Бұл жаңалықты бөлісуден Шешенстан президенті Рамзан Қадыров та құр қалмады. Ол өзінің «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі парақшасында «бұрын-соңды мұндай қуанышты жаңалық естімегенін» айтады.

Алайда Ресей президентінің өзі болса, бұл мәселеге қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасаған емес.

www.nur.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған