56 адам құтқарылды

Жамбыл облысының аумағында авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстары одан әрі жалғасуда. Өткен тәулікте, яғни 12-13 желтоқсанда Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіруші-құтқарушылары 56 адамды құтқарып үлгерді, ал одан өзге екі адамды іздеуді жалғастыруда.
Сағат 09:43-те Қордай ауданы, Отар ауылы, Анырақай елді-мекенінің маңында қолайсыз ауа райына байланысты қойшы адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адамды іздеуге №17 өрт сөндіру бекеті, ТЖ бөлімі мен жедел-құтқару жасағының (3 бірлік техника және жеке құрамның 13 адамы) күштері мен құралдары жедел жөнелтілді. Жоғалған адамды іздеу бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
Сағат 10: 50-де Байзақ ауданы, Үшбұлақ бекеті маңында жолаушылар мінген автобустың ақауға ұшырап, бұзылуы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде Департаменттің құтқарушылары шығып, Өзбекстанның 25 азаматын эвакуациялады, оның ішінде үшеуі балалар болатын. Олар жақын маңдағы кафеге жеткізілді.
Сағат 16:35-те Байзақ ауданы, Алматы-Ташкент тас жолының 477 шақырымында тағы бір жолаушылар автобусының техникалық ақауға ұшырауына байланысты жолда тұрып қалғаны жөнніде хабарлама келіп түсті. Аталған жерге құтқарушылар жедел жетіп, Өзбекстанның 28 азаматын жақын маңдағы жол бойындағы кафеге эвакуациялады.
Сағат 21:49-да №10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері қар құрсауында қалған «Газель» автокөлігінің 2 жолаушысына көмек көрсетті. Ал сағат 23:34-те өрт сөндірушілер Шу ауданы, Бірлік үстем ауылының маңында өз көлігімен қар құрсауында адамға көмек көрсетті. Ер адам үйіне жеткізілді.
 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті