Баланы сурет салуға үйретудің 7 жолы
Көптеген балалар балалық шағында сурет салғанды қатты ұнатады, ғажайып әлемдер мен батырларды ойлап табады. Бірақ бір кездері аяқ астынан: «менің бұлай қолымнан келмейді» немесе тіптен «мен сурет сала алмаймын» секілді күдік туындауы мүмкін. Ақ қағаз алдында баланың қорқыныш сезімі туындамас үшін не істеу қажет, сондай-ақ бірден дұрыс сурет салуға үйрету қажет пе, бұл жөнінде «Летал и Шагал» балалар көркемөнер студиясының негізін салушы, өнертанушы және үш баланың анасы Ольга Айзенберг әңгімелейді.
Сурет салу – танымның бір әдісі. Балалар қорытындыға баса назар аудара бермейді, оларға процестің өзі маңызды. Мәселен, олар жиі сурет салып, былай дейді: «Бұл сондай сюжеттік кескіндеме, мен оны өте жақсы көремін».
Менің балам көп сурет салатын және айтып отыратын. Бұлар әрқашан қағазда біртіндеп дамитын сюжеттік оқиғалар: қандай да бір шайқас, соғыстар, ұшып бара жатқан супермен секілділер. Балам суретті оңай салатын, себебі сюжетте ұзақ болғысы келетін. Мәселен, ол мультфильм көретін және сол уақытта қағазға бас қоятын. Оқиғаны қайта бастан өткеру мүмкіндігін қоспағанда, мұндай сурет салулар балаға өзінің жеке сиқырлы әлемін құруға және оны толықтыруға мүмкіндік береді, себебі ол өзін де соған енгізіп, біреумен теңестіреді. Бұл процестің барлығы шындықтан ойластырылған.
1. Ақ қағаздан қорықпау
Бір нәрсені нөлден жасаған кезде – танымды дамытушы бар, сондай-ақ шығармашылық ғажайып бар. Әрине, балалар ересек біз секілді ойламайды, оларға бұл тек қызықты процесс. Ата-аналарға балаларының ебін сақтай біліп, таза парақтан қорықпағаны маңызды. Бастай білу, жаңа жобалар туындату мен жаңа міндеттерден қорықпау өмірдің кез-келген саласында қажетке асады.
2. Балаға бояқ беру (және еркіндікті)
Балының қолына заттарды ұстау қабілеті пайда болғанда, оған сурет салуды ұсынуға болады. Біреудің бірден көңілінен шығып, әрқашан сурет сала бастайды. Біреулер болса тартыншақтайды. Жағалданып қалудан қорқатын қыздар мен ұлдар да бар. Біреуі бояққа қуана басымен кіріп кетіп барлығы бояқ болады. Ал басқасы осы құтыға күдікпен қарайды.
Түрлі материалдарды ұсынып көру керек, ешбір жағдайда нақты тапсырма қоймай: «Қазір біз екеуміз құлпынай саламыз» бағалауға болмайды. Шамасы мен, табиғатымда еркіндікті сүйюші адаммын, маған осы салада барынша еркіндік бере отырып оны шектемеу қажет секілді. Қиялға келген кез-келген көрінісін ынталандыру қажет.
3. «Дұрыс» салуға үйретпеу
Біздің студияда түсінігі мол ата-аналар жиналған. Бірден шынайы мектептерді, нәтижелер мен техниканы және әдісті қалайтындар сирек кездеседі. Бірақ кездеседі. Әсіресе біртүрлі естілетіні, мектепке дейінгі үш-төрт жасар балаларды әкелгенде олардың: «Менің баламды көркем салуға үйретіңіз» дейтіні.
Мен «көркем» дегеннің не екендігін анықтай бастаймын. Біздің қабырғада ілулі тұрғандар әдемі ме? «Ия, бірақ…». Олардың ойындағы көркемдік – бұл шынайылық екендігін біртіндеп түсіне бастағандаймын. Алайда шынайылық – бұл біздің жағдайға жасымен де, ешнәрсемен сай келмейді.
Нақтылықты қалайтын балалар да бар. Айталық, алманың суретін салу. Сала берсін. Бір қыз, менің ойымша жас па екен, одан көп болмаса, бар салғанын қарапайым бір сөзбен «Ит» деп атады. Ол әрқашан итті салатын. Біз оған: «Соня, өзің қара, біздің бүгінгі тақырыбымыз – ортағасырлық серілер, бәлкім қамал болсын? » – деген ұсынысымызға: «Жоқ, ит» дейтін. Содан кейін біз адамға бұл тақырыпты қайта қарау қажеттігін түсіндік. Ит – сондай-ақ ит. Қазірде осы Сонядан үздік туындылар шығады және бұл тіптен ит емес.
Кейбіреулер өзінің осындай абстракцияларымен толықтай қанағаттанады, кейбірі бұл мағыналық абстракцияларды бөліп, мұның көлік, ал бұның тау екендігін, көліктің қазір сонда баратындығын, ал ол жерде туннель барын айтады. Сондықтан баланы жақсы түсініп, сезіне білген маңызды, бұл балаға нәтижені білдіреді.
4. Сол үлгімен салыстырмау («менің бұлай қолымнан келмейді»)
Егер сіз өзіңіздің «дұрыс» салған алмаңызбен баланың алмасын салыстырсаңыз, ол әрқашан айырмашылығын көреді. Сондықтан сабақ кезінде балаларға біз көптеген әртүрлі суретшілерді көрсетеміз. Біз: «Қара, күнді осылай салуға болады, былай да және бұдан да он түрлі тәсілдермен» дейміз. Себебі, ең дұрыс нұсқасы шыққанда түсінікті, қолынан Рембранттай келмеуі мүмкін, алайда бұдан кейін шабыт пайда болады.
Өзінің кесін өнер әлемін құратын балалар да бар. Мұндай балаларды ешқандай дәреже мен үлгі алаңдатпайды – олар толыққанды. Сонымен қатар салыстыруға сезімталдар бар. Олар: «Менде әлдекімдегідей қолымнан келмейді» деп, жиі алаңдайды. Өзгелердің жұмысын көрсеткенде әр кімнің сезімталдығы әр түрлі екендігін түсіну қажет және осыны ескерген жөн.
5. Салынғанды талқылау
Маңыздысы баланың суретін бағалау емес, оның мазмұнын талқылау. Бұл әңгімені басқа қырынан өрбітудің тамаша жолы. Бала біреулердің: «Ал мұнда не, шындығында не болып жатыр?» – деп, қызығушылық танытқандарына разы болады. Сосын мұның алма екендігін, оның ішінде құрттың өмір сүретінін, қазір ол сол жерден шықпақшы екендігін айта бастайды.
«Жарайсың!» деген құнды пікір болып табылады. Қанаттым сол: «Аһ, қандай қаракөл, па шіркін, жарайсың!» Мақтадыңыз, балаңыз риза болды, әңгімелесу болған да жоқ. Негізінде ол бір нәрсені көрсетпекші болып және бірдеңені бөліскісі келгендіктен алып келді емес пе, себебі бұл жастарда (біз мектепке дейінгі және мектептен төменгілер жөнінде айтудамыз) осы суреттер – оның әлемі. Сондай-ақ, оған сіздің де сонда болғаныңыз, қарағаныңыз, кезгеніңіз, өмір сүріп, өзіңізді сол жерден тапқаныңыз маңызды.
6. Сурет салуды доғарды ма? Қорқынышты емес
Барлық балалар сурет сала бермейді. Біреулерге сурет салу жай ғана дамудың бастапқы кезеңі болуы мүмкін. Тек ханшайымның суретін салатын бір қыздар бар. Кішкене сурет салады – осымен бәрі бітті. Оған дейінгі де, одан кейінгі де сурет салулар оны қызықтырмайды. Бұдан қорқатын ешнәрсе жоқ. Олар өздерін дос ретінде көрсеткісі келеді. Бұл қыздар, мәселен, жақсы билей алуы мүмкін. Тек, олар дүниені басқаша таниды және бұл қалыпты жағдай.
Көп жағдайда балалардың салған суретін көркем өнердегі дарындылық ретінде қабылдайды. Сосын сурет салуға деген құлшынысы кеткеннен кейін ата-аналар ренжіп жатады. Бірақ бұл өмір: демек, дамудың бұл сатысында осымен айналысу оған қажет болған. Мүмкін, сурет салу қайтып келер, мүмкін қайтіп келмес те.
7. Өнер мектебіне асығыстық танытпау
Өнер мектебіне шамамен 11 жастан бастап қабылдайды және бұл дұрыс кезең. Қазірдің өзінде ынта мен бір нәрсеге деген талпынысы бар. Балалар кімде жақсы шықты, кімдікі шынайы салынған, текшені ерекше әдіспен сызғандарын салыстырып, өзара сайысқысы келеді. Бұл балаларға қызықты болған кезде, олар жұмыс жасай алатын жас. Ал 11 жасқа дейінгілерге бастысы – баланың ішкі еркіндігін сақтау, қалып пен қорқыныштың жоқтығы.
Олардың жасы келіп жеткенде, ол бәрін өз орнына қояды. Сол кезде адам шеберлікті меңгергісі келеді. Дәл жастықтың өтпелі шақ кезеңдерінде баланың сурет салуға балалық махаббатынан жоғары өзге де нәрсенің бар жоқтығы белгілі болады.
Кейбір тәжірибелілер бірден көрегендік, жақсы қол, композициялық сезім немесе түстерді байқайды. Ал сондай бала сурет салуын жалғастырғысы келсе, ол жетістікке жетеді.
Дереккөз: http://bilim-all.kz/