59 551 ГА АЛҚАПҚА ДАҚЫЛДАР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

Бүгінде байзақтық дихандар дала төсін  дүбірге толтырып, қарбаласқа түсіп жатқаны белгілі. Осы мақсатта, аталған саланың тыныс-тіршілігі жөнінде аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Ақжоловтың бізге берген мәліметін оқырман назарына ұсынбақпыз.

 Ауданның ауыл шаруашылығы саласы дамуының негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады. Үстіміздегі жылдың шілде айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 13 млрд. 321,8 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 103,6 пайызды құраса, осы жылдың шілде айында ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 млрд. 192,8 млн. теңгені немесе былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында 149,1 пайызды құрады.

 

 

Ағымдағы жылы аудандағы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жердің көлемі 59 551 гектарды, оның ішінде, 30 230 гектары суармалы, 29 322 гектары тәлімді құрайды. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, осы жылдың өнімі үшін дәнді және дәнді-бұршақты  дақылдарды 21 558 гектарға (күздік бидай 8 730 га, жаздық арпа 10 128 га, дәндік жүгері 2 650 га, дәнді бұршақ 50 га), майлы дақылдарды 1 057 гектарға (мақсары 1 000 га, рапс 57 га), қант қызылшасын 1 500 гектарға, картопты 700 гектарға,  көкөністерді  7 200 гектарға, бақшаны 2 500 гектарға, таңқурай, құлпынай 35 гектарға және мал азықтық дақылдарды 25 001 гектарға, ауыл шаруашылығы дақылдарын барлығы 59 551 гектар алқапқа орналастыру жоспарланған.

Дақылдар орналастыру қорытындысы бойынша, 12 730 га жаздық арпа, орындалуы 125,7% (жоспар 10128 га), 5 589 га жаңа көп жылдық шөп (жоңышқа), орындалуы 107,5% (жоспар 5200 га), 5 498 га көкөністер, орындалуы 76,4% (жоспар 7200 га), 1 157 га майлы дақылдар, орындалуы 109,5% (жоспар 1057 га), 1 760 га бақша дақылдары (қарбыз), орындалуы 70,4% (жоспар 2500 га), 700 га картоп, орындалуы 100,0% (жоспар 700 га), 2 001 га дәндік жүгері, орындалуы 75,5% (жоспар 2001 га), 250 га сүрлемдік жүгері, орындалуы 100,0% (жоспар 250 га), 50 га дәнді бұршақ, орындалуы 100,0% (жоспар 50 га) және 1 500 га қант қызылшасы, орындалуы 100% (жоспар 1500 га) себілді. Сонымен қатар, 8 730 га күздік бидай, 35 га таңқурай мен құлпынай, 19 551 га ескі көп жылдық шөп орналастырылып, жалпы, аудан бойынша 59 551 га (2020 жылы 55 514 га) егістік алқапқа дақылдар орналастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 037 гектарға  артық.

 

 

Дәндік жүгері, көкөніс және бақша дақылдары жоспарының орындалмау себебі, ағын су жағдайы бойынша ағымдағы жылы ауа райының қолайсыздығынан «Шу — Талас» бассейні «Киров» су қоймасының (Қырғыз Республикасы) көлемі өткен жылмен салыстырғанда аз болуына байланысты және «Өтеміс», «Сеңкібай», «Белходжа», «Байзақ», «Сәмбет», «МР-3», «МР-4», «Свекловичный» каналдарында қайта қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілуіне орай орын алуда. Сондықтан, бұл дақылдар түрлеріне шаруашылықтар тарапынан қызығушылық төмендеп отыр. Бұл дақылдардың орнына ағын суды көп қажет етпейтін жаздық арпа, майлы дақылдар  және көп жылдық шөп артық орналастырылды.

Аудан көлемінде жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, нәтижесінде олардың саны мен көлемі артуда. Аудан бойынша жалпы көлемі 5,2 гектарды құрайтын 5 жылыжайлар шаруашылығы (оның 2-і өнеркәсіптік және 3-і фермерлік үлгіде) және 0,95 гектарды құрайтын 12 отбасылық жылыжай жұмыс істейді. Бүгінгі күнге аудан бойынша жылыжайлардың жалпы көлемі 6,6 гектарды құрап отыр. Ағымдағы жылдың бірінші кезеңіне жылыжайларға қияр және қызанақ дақылдары егіліп, бүгінде  53 тонна қияр және 11 тонна қызанақ жиналды.

 

 

Соңғы жылдары шаруашылықтар жаңа технологиялар енгізу жұмыстарын қарқынды қолға алуда. Мәселен, ауданның агроқұрылымдары тамшылатып суғару технологиясын 2019 жылы 1 346 га алқапқа енгізсе, 2020 жылы бұл көлем 3 032 гектарды құрады. Су үнемдеу технологиясын қолданған шаруашылықтар, дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда өнімді екі есеге дейін артық алуда. Биыл бұл көлем 1 478 гектарға арттырылып, аудан бойынша 2 038 гектар алқапқа тамшылатып және 2 472 гектар жаңбырлатып суару технологиялары арқылы жалпы 4 510 гектарға енгізілді. Аудандағы суармалы егіс көлемінің 16,3%-ын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы 27 шаруашылық 40 жаңбырлатып суару технологияларын 188,1 млн. теңгеге лизингке сатып алды.

Үстіміздегі жылдың өніміне 8 730 гектарға күздік бидай және 12 730 гектарға жаздық арпа, барлығы 21 460 гектарға масақты дәнді дақылдар егілген.

Аудан бойынша шаруашылықтар егін орағын 25 маусым күні бастап, 9 шілдеде барлығы 21 460 гектар масақты дәнді дақылдарды орып, жалпы 30 688 тонна өнім алынып (бункерлік салмағы), әр гектардан орташа түсім 14,3 центнерден айналды. Егін орағы толық аяқталды.

Жалпы, аудан бойынша 30 195 гектар шөп шабылады деп күтілуде. Оның ішінде, 5 055 гектар шабындық, 25 140 гектар көп жылдық шөп бар. Бүгінгі күнге ауданда 182 300 тонна пішен дайындалды. Сонымен қатар, 10 000 тонна пішендеме және 48 400 тонна сабан дайындау жоспарланып, толығымен орындалды. Бұдан басқа, табиғи шөптерді орып, жинап алу бойынша Мойынқұм ауданына 12 жұмысшы топ жұмылдырылып, ауданға 8 000 тонна пішен тасымалданды, табиғи шөптерді орып, жинап жеткізу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, аудан көлемінде әр сенбі күндері мал азығы жәрмеңкелері өткізілді. Жәрмеңкеде 1 100 — 1 200 теңгеден жоңышқа, 700 — 800 теңгеден табиғи шөп сатылды. Сонымен қатар, бүгінгі күнге 41 200 тонна қарбыз, 31 100 тонна қызанақ, 8 250 тонна қияр дақылдары жиналып, жиналған өнімдер аудан көлемінде, Тараз қаласының базарларына («Ауыл береке», «Қайқармет», «Орталық базар») және Алматы қаласына егіс алқабынан қызанақтың бір қорабы 2 500 – 3 000 теңгеден, 1 келі қияр 150 теңгеден тасымалданып сатылуда. Бұдан басқа, экспортқа жеке кәсіпкер «Рәсім» Ресей еліне 4 вагон шығарды.

 

 

 

Осы жылға минералды тыңайтқыштар алу жоспары 3 574 тонна болса, жылдың қаңтар — шілде айларында жалпы 190 шаруа қожалық 4 708,9 тонна тыңайтқыштарға келісім шартқа тұрып, оның 3 728,3 тоннасын алды. Оның ішінде, 2 234,4 тоннасы аммиакты селитра, 593,9 тоннасы аммофос және 900 тонна басқа тыңайтқыштар. Тыңайтқыштар енгізілген алқап көлемі 22 325,1 гектар.Тынайтқыштар алу көрсеткіші – 104,3%. Жыл басынан фосфогипс бойынша 4 шаруашылық 5345 тонна келісім-шартқа отырды. Бүгінгі күнге 2 шаруашылық 200 тоннасын жеткізді.

Биылғы жылдың 7 айында, аудан бойынша 41 шаруашылық жалпы құны 591,9 млн. теңге тұратын 128 жаңа техникалар сатып алды (оның ішінде 30- трактор, 1-комбайн  және  97 әр түрлі техникалар). Оның ішінде, лизинг арқылы 11 шаруашылық 197,1 млн. теңгеге 12 трактор, 1 комбайн  және 14 әр түрлі агрегаттар алып, техниканың жаңару көрсеткіші 8,3 пайызды құрады. Шаруа қожалықтардың назарына жаңа техника алу тетіктері туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің технологиялық карталарына және жоспарланған егін, мал азығы өнімдері алқаптарының көлеміне сәйкес, ауданға облыс тарапынан жеңілдетілген бағамен бөлінген дизель отынының көлемі 715 тонна. Операторлар: «Тараз VIP Сервис» — 390 тн; «Азия Нефтепродукт» — 325 тн.  Шаруашылықтарға әр литры 158 теңгеден босатылуда. Бүгінгі күнге 77 шаруашылық 601,8 тонна дизель отынына сұраныс беріп, 74 шаруашылыққа жалпы 426,4 тонна дизель отыны берілді. Жеңілдетілген дизель отынын шаруашылықтарға беру жалғасуда.

 

 

2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың шілде айында мүйізді ірі қараның 107,6 % (52027 бас), қой мен ешкінің 110,6 %  (343945 бас), жылқының 112,3 % (17354 бас), түйенің 103,4 % (1033 бас) шошқа 102,0% (1544 бас) өсуіне қол жеткізілді. Сонымен қатар құстар 150,4%  (797973 бас) құрады. Аудан бойынша 11 095,0 тонна ет (тірідей салмақта), 22 320,7 тонна сүт және 7 млн. 090 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал өнімдерінің барлық түрі артық өндіріліп отыр.

Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау бағдарламасы бойынша да шаруашылықтар субсидия алуда. Биылғы жылдың 7 айында аудан бойынша 1152 шаруашылық жалпы сомасы 1 224,6 млн. теңге субсибия алды. Атап айтқанда: мал шаруашылығы субсидиясы 941 шаруашылық 507,1 млн. теңге, инвестиция субсидиясы 89 шаруашылық 481,4 млн. теңге, егін шаруашылығы субсидиясы 118 шаруашылық 77,0 млн теңге, қайта өңдеу өнімдерін өндіргені үшін субсидиясына 3 шаруашылық 153,2 млн. теңгеге, кредит және лизинг пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 1 шаруашылық 5,9 млн. теңгеге.

 

 

Мемлекеттік бағдарламалар аясында несилендіру жұмыстары да атқарылуда. Бүгінгі күнге жалпы ауыл шаруашылығы бағытында 800,5 млн. теңгеге 134 шаруашылық несиелендірілді.

2021 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін жалпы сомасы 46 млн. теңгені құрайтын 10 шаруа қожалық несиелендірілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 136,1 % артық. Атап айтқанда, «Агарарлық несие корпорацисы» АҚ-ы арқылы 30,5 млн. теңгеге 6 шаруа қожалық, «Құлан-Дән» несие серіктестігі арқылы 1 шаруа қожалық 1 млн. теңгеге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 2 шаруа қожалық 10 млн. теңгеге және «Тараз» микроқаржы ұйымы» ЖШС-і арқылы 1 шаруа қожалық 4,5 млн. теңгеге несиелендірілді..

Мал шаруашылығын дамыту бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы  арқылы 76 шаруа қожалық 410,3 млн теңге, «Аграрлық несие корпорацисы» АҚ –ы арқылы 216,6 млн. теңгеге 26 шаруа қожалық, «Микро Қаржы Ұйым Атамекен-Тараз» арқылы 24,6 млн. теңгеге 6 шаруа қожалық, «Микро Қаржы Ұйым Тараз» арқылы 42,0 млн. теңгеге 10 шаруа қожалық. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы 27 шаруашылық 40 жаңбырлатып суару технологияларын 188,1 млн. теңге лизингке сатып алды.  Бұдан бөлек, лизинг арқылы 16 шаруашылық 107,0 млн. теңгеге 12 трактор, 1 комбайн  және 14 әр түрлі агрегаттар алды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады.