💸 6 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды
«Борышкерлердің бәрінде бірдей банкроттық рәсімін пайдалану мүмкіндігі жоқ. Проблемалық қарыз алушыларды көбірек қамту үшін Қаржы министрлігі осы жылдың соңына дейін құжаттар беруді оңайлату және соттан тыс банкроттықты қолдану рәсімін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауы қажет», — деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, өзін банкрот деп жариялаған азамат оның қарызы жабылады деген түсініктен аулақ болу керек.