600 қазақстандық жасөспірім тегін саяхатқа аттанады

Қазақстанда танымал «Туған елге саяхат» жобасының жаңа маусымы басталды. Биылғы жылы еліміз бойынша қызықты саяхатқа 600 жас қазақстандық аттанады.

Осы жазда 12 мен 15 жас аралығындағы жас қазақстандықтар еліміздің көрікті және маңызды туристік объектілері арқылы арнайы пойызбен саяхаттайды. Балалардың сапары Астана қаласынан басталады, кейін олар Байқоңыр қаласына, ол жерден Түркістан, кейін Алакөл, Алматы қаласын аралап, Астанаға қайта оралады.

Барлық сапар барысында балалардың жанында тәлімгерлер және аниматорлар болады. Олар балалар үшін арнайы ойын сауықтық бағдарлама, оның ішінде, қызығушылықтар бойынша үйірмелер, зияткерлік үйірмелер, таза ауадағы түрлі ойындар және т.б. ұйымдастырады.

Осы маусымда жобаға 600 бала қатысады. Оның 510-ны көпбалалы отбасылардан, аз қамтылған немесе жалғыз басты отбасылардан, сондай-ақ жақсы академиялық үлгерімі бар шалғайдағы елді мекендерде өндірістік қызметте жұмыс істейтін «Самұрық-Қазына» холдингінің қызметкерлерінің балалары.

Тағы 90 бала бүкіл Қазақстан бойынша байқау негізінде іріктеледі. Байқауға қатысу үшін «Мен өз өңірімде нені өзгертетін едім?» тақырыбында шығарма, бейнеролик немесе өлең жазып, pr@sk-trust.kz. электрондық поштасына жолдау қажет. Байқау 15 шілдеге дейін жалғасады, одан кейін конкурстық комиссия үздік жұмыстарды таңдап, жеңімпаздарды жариялайды. Байқауға 12 жастан 15 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

«Туған елге саяхат» жобасы осымен 3 жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Өткен жылдары жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық бала қатысты.

Жобаны «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АК-ның «Әлеуметтік жобаларды дамыту» КҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асырады. Жобаның басты мақсаты –  балалардың бойында қоршаған ортаға деген қызығушылығын оятып, еліміздің тарихи және архитектуралық ескерткіштерін танып, білуге, Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін ояту.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

600 юных казахстанцев отправятся в бесплатное путешествие по стране

 

В Казахстане стартует новый сезон известного проекта «Туған елге саяхат». В этом году в увлекательную поездку по стране отправятся 600 юных казахстанцев.

Этим летом юные казахстанцы в возрасте от 12 до 15 лет проедут на специальном поезде через красивейшие и значимые туристические объекты страны. Начнется путешествие ребят с Астаны, далее они отправятся в город Байконур, оттуда – в Туркестан, затем в Алаколь и Алматы, после чего они вернутся в Астану.

На протяжении всего пути со школьниками будут работать вожатые, аниматоры, которыми разработана развлекательная программа – это и кружки по интересам, интеллектуальные кружки, игры на свежем воздухе и многое другое.

В этом сезоне в проекте примут участие 600 детей – из них 510 детей работников холдинга «Самрук-Қазына» преимущественно производственных профессий из отдаленных населенных пунктов, воспитывающиеся в многодетных, малообеспеченных или неполных семьях, детей с хорошей успеваемостью.

Еще 90 детей планируется отобрать со всего Казахстана на конкурсной основе. Для того, чтобы принять участие в конкурсе необходимо написать сочинение, записать видео или придумать стихотворение на тему «Что я хочу изменить в своем регионе?» и отправить его на электронный адрес pr@sk-trust.kz. Конкурс продлится до 15 июля включительно после чего конкурсная комиссия отберет лучшие работы и объявит победителей. Возраст участия – с 12 до 15 лет.

Проект «Туған елге саяхат» реализуется уже третий год подряд, в предыдущие годы в нем приняли участие уже около 500 детей из разных уголков страны.

Инициаторами проекта выступают Корпоративный фонд «Фонд социальных проектов» при АО «НК «Қазақстан Темір Жолы» совместно с Фондом развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust». Главная цель проекта – повышение интереса у детей к окружающему миру, изучение исторических и архитектурных памятников страны, воспитание любви к родине, укреплению патриотизма.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған