600 ГЕКТАРДЫ АЛЫП ЖАТҚАН ҚАЛА

Ауданда Құмтиын ауылы маңынан 7-12 ғасырларға тән 600 гектар аумақты алып жатқан қаланың орны табылды.
Археологтардың сол жылдары 1200 температурада балқыған шыны табылғаны таңданыс тудырып отыр.
Қыш бұйымдар, дастарханға қойылатын ыдыстардың өзіндік тарихы бір кітапқа туынды болып отыр.
Егін шаруашылығына тән саймандардың өзі шаруашылықтың жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.
Сол кезеңде түйе мен уақ малдың етіне деген сұраныс ерекше болғанын қалдық сүйектен аңғаруға болады.
Бір қызығы жылқы малының сүйегі кездеспегенінің өзі сайгүлікке деген құрметті көрсетіп тұр.
Қаланың биіктігі 12 метрге жуықтаған. Оған сол ғасырға тән кірпіштер дәлел.
Сол жылдары бұл қала Тараз қаласына сауда-саттық тасымалдаған деген ақпарат қандай деңгейде гүлденгенін көрсетеді.
Зерттеу жалғасуда. Толығырақ Ұлттық арна – Қазақстан телеарнасы мен Евразия арналарынан көретін боласыздар.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы