6,1 МЫҢ ГЕКТАРҒА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Биылғы жылы облыста 6,1 мың гектарға қант қызылшасы отырғызылып, бүгінгі күні агроқұрлымдар тарапынан күтіп-баптау шаралары атқарылуда. Өңірде тәтті түбір өсірумен 82 шаруа қожалық айналысады. Бұл шаруашылықтарда маусымдық кезеңде 2,5 мыңнан астам адам жұмысқа тартылады.
Жалпы ағымдағы жылы қант қызылшасы өнімінің сатып алу бағасы тоннасына 30,0 мың теңгені құрады. Яғни, қант зауыттары өткізілген өнімнің тоннасына — 15,0 мың теңге төлесе, мемлекет тарапынан — 15,0 мың теңге субсидия төленетін болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы