Үйді ҚҰМЫРСҚА басып кетсе, құтылу үшін ЛИМОН, ТҰЗ және СОДА қажет

Құмырсқалар – табиғатта пайдалы, зияны жоқ ең еңбексүйгіш жәндіктер. Бірақ олар үйде пайда болған уақытта тез арада құтылуға әрекет жасау керек. Сондай-ақ құмырсқалар тап-таза үй-жайларда да тезкөбейіп кетуі мүмкін. Бұл кішкентай жәндіктер әр қуысқа кіріп, азық-түліктердің ішін аралап, адам денсаулығына кері әсерін тигізетін тағамды жеп келіп, оның қалдығын ас үйге қалдырып, инфекциялық аурудың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Құмырсқаларды үйге тартатын басты екі себеп бар – жылу және азық. Үйді басып алған құмырсқалардан құтылудың уақыт сынынан өткен, заманауи және химиялық жоюдың түрлі жолдары бар.

Зиянкестермен күресті бастау үшін, оларды алдымен біраз бақылауға алған жөн. Негізгі назарды құмысқалар тізбегінің қайдан келіп жатқанына аудару керек. Бұл олардың илеуін, шоғырланған жерін табуға көмектеседі. Олардың илеуі үй ішінде, сыртта, тіпті көрші пәтерлерде болуы да мүмкін.

Иіс арқылы үркіту – құмырсқаларды жоюдың жеңіл, қауіпсіз, адамгершілік тұрғыдан да ең бір тиімді әдісі. Мұндай әдістің танымал нұсқалары:

Лимоннан шырын сығып алып, құмырсқалар үймелеген аймақ пен тізбектеліп жүрген жолдарына сеуіп шығу керек.
Ақжелкен, жалбыз, жусан (полынь) секілді өсімдіктерді ұсақтап турап, құмырсқалардың белсенділігі артақан аймаққа қою да
зиянкестердің үйді тастап кетуіне əсер етеді.
Эфир майы тек қана құмырсқалар ғана емес, сондай-ақ тарақан, бүрге, шыбын секілді жəндіктерді де үркітуге қауқарлы

Сода – кір жуатын ұнтақ пен ыдыстарды жууға арналған соданы құмырсқалардан біржола құтылу үшін пайдаға асыруға болады. Зиянкестердің ағзасында қышқыл көп болғандықтан содамен араласқаннан кейін белсенді реакция береді. Ол үшін қант ұнтағы мен содны бірдей мөлшерде 1:1 араластырып, құмырсқалар көбейіп кеткен аймақтарға сеуіп тастау керек.

Мүсәтір – құмырсқалар аммиактың иісін ұнатпайды. Сондықтан зиянкестерден құтылудың тағы бір амалы – 1 литр суға 100 мл мүсәтір араластырып, қауіп көбейген аумақтарды өңдеп шығу керек. Мүсәтірдің өткір иісін 20 минуттан кейін-ақ сезбей қаласыз, ал жәндіктер үшін бұл иіс өте ұзақ сақталады. Егер аталған өңдеуден кейін құмырсқаларараға апталар салып, қайта шыға бастаса, тағы сол мүсәтір қоспасымен шкаф сөрелерін, терезенің алды секілді жерлерді сүртіп шығу керек.

Тұз – зиянкестерді жоюға арналған химиялық қоспаларды кейде пайдалана алмайтын кездер болады. Мұндай кезде әр үйдің асханасынан табылатын ас дәмін келтіретін тұзды құмырсқаларға у ретінде пайдалануға болады. Ол үшін тұз бен соданы (кальций қосылған сода) 1:1 көлемде араластырып, үстінен су құйып, бүріккішпен құмырсқалар жолына, шоғырланған жерлеріне себу керек.

Сабын – шақырылмаған қонақтардан құтылуға сондай –ақ кәдімгі кір жуатын сабын да көмектеседі. Сабынды қатты және суға араластырып, сұйық күйінде де пайдалануға болады. Суға араластырып әбден езілген қоспаны бүркігішке құйып, шашу керек. Осыған 4-5 тамшы эфир майын араластырса зиянкестерді жою тиімділігі арта түседі. Ал қатты күйінде, сабынды үккіштен өткізіп құмырсқалардың жолына себу керек.

Бор қышқылы – 5 гр бор қышқылы, бір ас қасық шекер, бір ас қасық кез-келген тосап түрі және 1 ас қасық сумен барлығын жақсылап араластырып, жайпақ кішірек тәрелке немесе пластикалық бөтелкелердің қақпағына құйып, құмырсқалар белсенді жиналатын орындарға қою керек. Ескеру:бор қышқылы сұйық түрде да сатылды.

Ащы бұрыш – үй ішін жайлаған құмырсқалармен күресуге ащы қызыл және қара бұрыш та жарайды. Ол үшін бұрыштың қайсысын болса да құмырсқлар жүретін жерлерге сеуіп тастау керек.

Ашытқы – жәндіктердің ішіне газ жиналуына әсер етіп, соңында олардың қырылуына әкеледі. Ашытқыны кез-келген тәттімен шекер, тосап, әселмен 1:1 мөлшерде су қосып араластырып, құмырсқлардың белсенділігі артқан жерлерге себу керек.

Тары – құмырсқалардың ұясына, көп жиналған жерлеріне тары себу арқылы зиянкестерден құтылу — көбіне бағбандарға тиесілі әрекет. Дәннің қандай әсерінен зиянкестердің жойылып кететіні белгісіз болғанымен, бұл әдіс іс жүзінде дәлелденген. Сондықтан құрғақ ақталған тарыны зиянкестер көп жерлерге сеуіп тастау керек. Сондай-ақ құмырсқалардан химиялық заттардың көмегімен де арылуға болады. Тек мұндайда барлық қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтаған жөн. Балаларға абай болу қажет.

Сондай-ақ құмырсқалардан химиялық заттардың көмегімен де арылуға болады. Тек мұндайда барлық қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтаған жөн. Балаларға абай болу қажет. Жазылған кеңестер қажеттеріңізге жарасын!