30 жылдық бақыт

Ерлі-зайыптылардың отандасқанына 30 жыл болады. Бір күні әйелі әдеттегідей нан пісіріп оның сыртқы бөлігін кесіп, бетіне май жағып күйеуіне бермек болады. Бірақ ішінен: «Екеуміздің бірге өмір сүріп жатқанымызға 30 жыл болыпты. Күйеуімнің айтқанын екі етпедім, жақсы балалар тәрбиелеп өсірдім. Осы уақытқа дейін нанның ең дәмді бөлігін күйеуіме беріп келемін. Бүгін оны өзімнің жеуіме болатын шығар» деп ойлайды да күйеуіне басқа бір бөлігін береді.

Күйеуі нанды алып:

— Бүгін сен мен үшін ең үлкен сый жасадың. Мен бала күнімнен нанның сыртқы бөлігін емес, ішкі жағын жақсы көремін. Алайда сен ұнатқанын жесін деп бергеніңді үндемей жей беретінмін, — деп жымияды.