Барша аналарға орыс әжейден ұмытылмас сабақ

Қасқааа,бағана балармен саябақта жүріп орыстың кемпірінен сөз естіп қалғанмын: Өзіме де сол керек. Телефонға шұқшиып, инста көрмегендей кіріп кеткен екенмін. Балалар бет-бетімен жайылып кеткен. Велосипедпен жүр ғой деумен дым уайымламай, анда-санда мойын созып қарап қойып отырғанмын. Орыстың кемпірі қалай қасыма келіп қалғанын байқамаппын. Содан, əжем əңгімені жіберді дейсің: » Алтыным, (дəл осы сөзді қазақша айтты! Отвечаю). Ана жерде де, мына жерде де бала ойнатқан мамашалар. Дұрыс! Ойнатыңдар, шығарыңдар. Бірақ мыналарың дұрыс емес. Онсыз да үйде де сол телефонға телміресіңдер ғой. Бұл сендердің болашақтарыңа балта шабады. Қарашы,қандай сүйкімді балаларың бар. Уақытыңды сондай Құдайдың ғажабына арна.

 Қазір сен олардан көрі телефоныңа көп көңіл бөлсең, қартайғанда олар да саған «Қойшы мама,кедергі келтірмей» деп қасыңнан қашатын болады.

 Қазір сен телефондағы дүниені қарап, оқу үшін балаңның айтқанына, ісіне шыдамың жетпей «Бара тұр. Ойнашы бар» деп қасыңнан қуатын болсаң, қартайғанда ол сені тыңдағысы келмей, басқа бөлмеге тығылатын болады.

 Қазір сен уақытыңды олардың мына əдемі табиғатты тануына, айналаның əдемілігін сезінуіне жұмсамайтын болсаң, қартайғаныңда олар сенің жағдайыңа бей-жай қарап, денсаулығыңның болмай жүргені де жандарына батпайтын болады.

Бұлай отырма, тұр, ана шөптің түсін сұра, жапырақтарды салыстырып, көрсет, таза ауада отырып өлең айтып, күлдір. Əне, сонда сен анасың! Аллаға шүкір, мен бар уақытымды балама арнаған, түсіндіріп, онымен үлкендерше сөйлесуге ерінбеген анамын. Білесің бе, қазір менің ұлым күнде жұмыстан келгесін бір сəт мені далаға серуенге шығарып, кейде қаланы машинасымен аралатады. Қалаған жеріме апарып, есігімді ашып, қолымнан ұстап түсіреді. Əрдайым үйге келе жатып мен үшін тəтті тағам əкеліп, көңілімді көтеріп қояды. Ешқашан менің сөзіме қабақ шытып, «Қойшы,мама» деп көрмепті. Солай, Алтыным! Бақытты ана бол. Бірақ бұлай болма! Қартайғанда балаларыңа керек болғың келсе, қазірден олармен жақын араласып, уақытыңды тек солардың күліп, сенімен сөйлескеніне арна. Болды. Қалғаны керек емес» деп мені біраз ойландырып тастады.
Содан сотканы сумкаға атып ұрып, тап қазір қартайып қалатындай қатты қорыққанымнан, бытырап жүрген балаларымды жинап, бағана айтқандарын жалма-жан жасап кеткенсің ғой. Балалар в шоке «Шешеміздің басына шелек тиген беее» деп қалған шығар.

Шынымен де, қыз-келіншектер ойланатын сөз. Күш кетіп қартайғанымызда өмірі экранға үңілген анадан тəрбие алған ұрпақтарымызға сөзіміз өтпей, əмірімізге бой ұсынбай, жанымыз ауырса жаныңнан байқамай өтіп кететін, денсаулығымыз сыр берсе сезбегендей сырт бұрылатын «бөтен» бала өсіріп, өкінбейік!!!

Санаева Ақмаралдың инстаграм парақшасынан