Пайдасыз болса, пестицидті неге пайдаланамыз?

Бабаларымыздан жеткен «Ауру — астан, дау — қарындастан» деген көне нақыл бар. Осы қанатты сөз бүгінгі таңда тұрмысымызда өз орнын ойып тұрып алғанын қайтерсіз. Сонау заманда, яғни бүгінгідей ГМО, химикат дейсіз бе, бояғыштар т.с.с. тұтынып жүрген тағамымыздың құрамынан табылатын сан алуан қоспалар атымен жоқ дәуірде аталарымыз «ауру — астан…» деп дабыл қақса, қазіргі қоғамның хәлін аз ғана ақылмен бағамдай берсеңіз болады.

Естеріңізде болса, «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігі өткен жылдың қазан айынан бастап өз жұмысына кіріскен болатын. Құрметті президенті болып Мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бекітілген бірлестік жуырда ғана екінші келелі жиынын өткізді. Алғашқы пікірталас алаңында ГМО мәселесі талқыланып, халыққа кеңінен таныстырылса, бұл жолы экоальянстың ғылыми кеңесі «Пестицидсіз және гербицидсіз өмір…» тақырыбын қозғауды жөн санапты. Бірлестік президенті Азаматхан Әміртайдың айтуынша, олар алдымен кең-байтақ даламыздағы астық дақылдары және баубақша кәсібімен маманданған аймақтарға арнайы барып, фермерлердің жұмысын бақылап қайтыпты. Бір жағы пестицид, гербицид атаулы көпшілікке беймәлім химикаттар туралы нақты деректер де жинаған.

2o3a6754

ПЕСТИЦИДТІҢ ЗИЯНЫ ШАШ ЕТЕКТЕН

Пікірталас алаңында сөз бастаған Азаматхан Әміртай Америкада пестицидтің 40 түріне рұқсат етілсе, Қазақстанда 700 түрін пайдалануға рұқсат берілгенін алға тартты.

2o3a6762Біз солтүстік аймақтағы астық өндірушілер, Шымкенттегі қарбыз өсірушілермен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігімен, тақырыбымызға сай пестицидтерді қалай, қаншалықты деңгейде қолданып отырғанына көз жеткізіп қайттық. Өкініштісі сол, пестицидтерді пайдаланбасақ, мол өнім ала алмаймыз. Ал оның ең әуелі адамдарға зияны барын айта кету керек. Астығымызды түрлі аурулардан, арамшөптен және зиянкестерден (насеком) қорғау үшін қолданған химикатымыз өнімге әсер етпей қоймайды. Сондай-ақ, оның зияны көзге бірден көрінбейді, адам ағзасына тигізетін кері әсері лезде біліне де қоймайды. Тек уақыт өте келе, яғни бірнеше жылдан кейін өкпебауыр, ішкі құрылысымыздың дертке ұшырауына әкеледі. Одан қалды, ұрпақсыз қалуға да әкеп соқтырады, — дейді ол.

Сөз кезегін алған Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, биология ғылымдарының докторы, 2o3a6773профессор, тақырыпқа сай білімі де, түйгені де көп Абай Сағитов пестицидтер мен гербицидтер жөнінде толыққанды мәліметін дәйектер арқылы жеткізуге тырысты. Сонымен, уытты қосындылардан тұратын химикаттар немесе препараттардың жалпы атауы «пестицидтер» деп аталса, арамшөптерге қарсы қолданатын химиялық қоспалар «гербицидтер» деп аталады. Бұл химикаттарды БҰҰ-ның бекіткен заңнамасы бойынша әлем елдерінің ауыл шаруашылығы мамандары белгілі мөлшерде өз аймақтарының климатына және өзге де ерекшеліктеріне сай қолданады. Қарапайым түсінікке салып қарасақ, препараттар белгіленген мөлшерден асып кетсе немесе астық өсетін аймақтың ауа-райына сай пайдаланылмаса, еңбек зая кетіп, үлкен алқаптан айырылып қалу қаупі де төнуі мүмкін дейді А.Оразұлы. Бұдан кейін жиынға қатысушы ғалымдар арасында химиялық препараттардың адам денсаулығына зияны туралы кеңінен айтылып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігінен келген өкілдерге бірқатар ұсыныстар айтылды.

2o3a6776

Біз жастайымыздан мандарин, банан жеген былай тұрсын, білмей өстік. Қазір дәріханаларда қаптап кеткен неше түрлі витаминдерді де ойға алған емеспіз. Бірақ әлі күнге денсаулығымыз жастардан жақсы. Себебі экологиялық таза өнімді тұтынып, малдың сүтін ішіп, етін жеп өстік. Ал бүгінгілер витамині көп деп цитрустық жемістерді де, алмаңды да опырып жеп жатыр, әйтсе де оларға түрлі қосындылардың әсер еткенін ескермейді, — дейді биологтар.

Тағы бір қызық деректерді ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков тілге тиек етті.

2o3a6785— Фунгицидтер, инсектицидтер мен гербицидтерді дайындап шығаратын отандық 5 кәсіпорын бар. Олар жылына 10 мың тонна пестицид шығарса да, қосымша 2025 мың тонна химикатты біз шетелдерден аламыз. Өйткені еліміз агроөнеркәсібі бай мемлекеттердің қатарына жататындықтан, алатын өніміміз жылына 20 млн. тонна болса, 15-16 млн. гектар алқапқа астық, бұршақ тұқымдас өсімдіктер егіледі. Ал пестицидтер жалпы аумақтың 12-13 млн. гектарына пайдаланылады. Әзірге химикаттардың орнына қолдануға ұсынатындай альтернативті нұсқамыз жоқ. Десе де, ауыспалы егістік жасауға, агроөнеркәсіп технологияларын күшейту арқылы бұл мәселені шешуге болады, бірақ ол бірден кірісе қоятын, тез арада орындалатын оңай шаруа емес. Осылайша біраз мәселенің басын ашып алған Е.Айнабеков елімізде өндірілетін пестицидтерге де, шетелден импортталатын химикаттарға да қойылатын талап, шаруалардың қолдану ережесі бар дейді. Үкімет шығарған қаулы бойынша өндірілген химиялық, биологиялық препараттар бірден тіркеліп, арнайы жасалған регламент бойынша ғана алқаптарға жеткізіледі.

Пестицидтерге қатысты түрлі сын айтылса да, олардың дайындала сала бірден астықтарымызды қорғауға жіберілмейтінін ескерте кеткім келеді. «Өсімдіктерді қорғау» Заңына сәйкес, химикатты немесе биопрепаратты өндіруші кәсіпорын ең алдымен бір жыл тексеріс сынағынан өткізсе, келесі жылы міндетті түрде өндірістік сынақтан өтеді. Сол арқылы біз ол препараттардың өсімдікке, қоршаған ортаға, адамның денсаулығына қаншалықты әсер ететінін алдын ала анықтай аламыз. Осы екі сынақтан кейін ғана кәсіпорынның өніміне он жылға жарайтын куәлік тапсырамыз. Он жыл өткесін барып фирмаларымыз препараттарын қайтадан тіркеуден өткізеді. Керісінше, кімде-кім биологиялық препараттарды ұсынатын болса, олардың өнімін қос қолдап тұрып қолдаймыз. Әйтсе де, еліміз бойынша 700-ден аса пестицид түрі қолданылады десек, әзірге соның тек 15-і ғана биопрепараттар екен, — дейді Е.Тоқтасынұлы.

2o3a6831

АҚТӨБЕ ЖҰРТЫНЫҢ ДА АЙТАРЫ БАР…

Жиынға Ақтөбеден арнайы келген Жанболат Жұбанов есімді азамат Ақтөбе жұртының мұңға толы сәлемін алып келіпті. Батыс жұртының жанайқайы пестицидтерге қатысты болмаса да, ЭкоАльянс мүшел2o3a6791ері экологиялық проблеманы қозғаған заңгер Ж.Жұбановтың сөзіне құлақ асты. — Байтақ даламызда мұнай өндірумен маманданған, қара алтынның бай қоры бар үш облыс бар десек, соның бірі — Ақтөбе облысы. Еліміздің батысында тұрғындары ауыл шаруашылығы, бау-бақша дақылдарын өсірумен де айналысатын бұл өңірде Байғанин деген аудан бар. Міне, осы ауданда мұнай өндірумен айналысатын компаниялар экологиялық кодексті өрескел бұзып жатқан жайы бар, — дейді ол. Оның айтуынша, мұнай өндірушілер өздеріне белгіленген полигонға (қалдық ошағы) емес, өздеріне жақын маңдағы сай-салаларды «қара алтынның» қалдықтарымен толтырып жатқан көрінеді.

2o3a6836

— Бұл заңбұзушылықты суретке түсіріп, әртүрлі дәйектерімізбен ішкі істер органдары, прокуратураға дейін шағымданып барған болатынбыз. Істі өздеріне қабылдап алғаннан кейін еш нәтиже шықпағанын байқап, аудан әкіміне жуырда ғана жолықтық. Оған ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары ешқандай қылмыстық іс қозғалатындай құқық бұзушылық фактілері жоқ деп мәселені жабулы күйінде қалдырған, — деп ашынған заңгер бүгінде су тасқынымен алысып жатқан аймақ тұрғын-дарының осы көтерген мәселесін жауапсыз қалдырған азаматтарға ренжулі.

Десе де, алған бетінен қайтпаған Ж.Жұбанов республикалық деңгейде экологиялық проблемаларды шешуге әрекеттеніп жүрген «Байтақ Болашақ» экоальянсынан көмек сұрап отыр. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, экологиялық проблемаларды шешуде әртүрлі құзырлы органдар, комитеттерді біріге жұмыс жасауға үндеп жүрген «Байтақ Болашақ» экоальянсының мүшелері ақтөбеліктердің де мәселесін май шаммен қарауға уәде берді. Ж.Жұбанов аталған мәселеге қатысты барлық деректер мен дәйектерді Мемлекет және қоғам қайраткері Ирак Елекеевтің қолына тапсырса, пестицидтер мен гербицидтер жөнінде фермерлердің білімін жетілдіру, сондайақ, Бас прокуратура, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, эколог-мамандармен бірігіп жұмыс жасау жоспарға қойылды. 

ЕРМҰРАТ НАЗАРҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған