«Жаңғыру құр жаңғырыққа айналмасын» десек…

«Қазақстан ZAMAN» газетінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» автошеруі ұйымдастырылады

khgigt9i

Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы айтылған мәселелерге халықаралық «Қазақстан ZAMAN» газеті де үн қосып, оларды өмірде жүзеге асыруға ниет ете отырып, төмендегідей ұсынысын білдіреді.  Елбасымыздың мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы — өте маңызды жоба. Біз ғалымдармен бірлесе отырып, осындай киелі жерлердің, батыр да дана бабаларымыз жатқан қасиетті орындардың картасын жасадық. Енді осы киелі жерлерге автошеру ұйымдастырсақ деген ниеттеміз. Ол автошеруімізді Түркістан қаласынан бастап, Астана қаласында түйіндесек деп жоспарлап отырмыз. Автошеру мақсаты — ата-бабаларымыздың тарихын, ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету, болашақ туризмнің ізін салу, ол жерлердегі көкейтесті мәселелерді көтеру. Сондай-ақ, басты мақсат автошеруге қатысушылар жолай халықпен кездесіп, Елбасымыздың саясатын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттайды.936316_155015818011153_839448830_n Тағы да маңызы зор мәселе балаларымыз болашақ осындай қасиетті де киелі жерлерге арнаулы экскурсиялармен барып, бабаларымыздың өнегелі де ерлікке  толы  өмірбаяндарымен танысса, ұлағат алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сонымен, газетіміз осындай киелі де рухани автошеруді ұйымдастыруға ниет етіп отыр. 283644_155016298011105_13374348_n  Алдағы уақытта автошерудің мақсат-мұраты,  жобасы     және уақыты белгіленеді. Қадірлі оқырман! Бұл автошеруге қатысуға сіздің де мүмкіндігіңіз бар. Іске сәт!

Бұл — рухани тәуелсіздік бағдарламасы 

1961 жыл. 12 сәуір. «Ғарышқа адам ұшты!» деп Мәскеу сүйінші сұрағанда бүкіл қазақ біткен шын пейілімен қалпағын аспанға лақтырып лепіре қуанған. Неге қуанды? Кім үшін шаттанды? Иә, иә, гибридті (аралас) ұлтқа айналған қазақ ол кезде мәңгүрттік, көзқамандық, мультикультуралды, космопалитті дерттерімен аурудың ең шарықтау шегіне жеткен болатын. Қазақ жанының еліктегіш болуы ксенофилияға (ксено — бөгде, филия — сүю) айналды. Өзгенің қаңсығын құлдық психологиямен жан дүниесімен жақсы көруі, өзінікінен жерінуі, менсінбеуі, бұл зор қасірет еді. Ана тілінен гөрі шет тілін ардақтайтын, төл мәдениетіне қарағанда бөтеннің мәдениетін дәріптейтін, бөтен дінді ұстанатын рухани дертке шалдыққан қазақтың болашағы қараңғы екені айтпаса да түсінікті болатын. Кеңес империясы қазақтың ұлы даласын полигонға айналдырса, өзіне де сол төл даласының кебін кидірді. Не көрмеді бұл қазақ? Мәңгүрттік дертке шалдыққан ұлт өзін-өзі өлтірді, өзін-өзі аштыққа ұшыратты. Намыссыз, ез ұлтты кім көрінген осылай мазаққа айналдырды…

2017 жыл. 12 сәуір. Тәуелсіздігіміздің 26-шы жылында қазекең әдетінше кезекті рет қалғып отырғанда Рухани Тәуелсіздік бағдарламасы жарқ етіп дүниеге келді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бұл мақаласын бұрын неге жариялауға асықпады? Бәлкім… Бұрын Президентіміздің аяқ астынан батыл шешім қабылдап жіберетін қағылездігін, батылдығын көптен бері байқап, бағамдап келемін. Тұтастай алғанда, Нұрекеңнің тұла бойында қазақылық рухтың тұнып тұрғанын мойындауымыз керек. Алла Тағалам Нұрсұлтан құлына сырт тұлға, келісті келбетті берген-ақ. Өзге елдердің патшаларымен салыстырсаң, маңдайы жарқырап, нар тұлғасымен алшаң-алшаң басып ерекшеленіп тұрады. Мақтанасың. Өз ана тілінде сөйлегенде миллиондарды өзіне қарататын шешендігін, ділмарлығын айт! Ресми тілде сөйлегенде өмірбақи орыстың губерниясында өмір сүрген адамдай сайрайды. Өнер десең — өнер, данышпандық десең — данышпандық бар. Данышпандығы емей немене, әлдекімдер қазақтың мемлекеттілігіне күмән келтіргенде Қазақ хандығының 550 жылдығын дүрк ете көтеріп, әлемге паш етті. Бұл ұлы тарихи шара қазақтың еңсесін бір көтеріп тастады. Сол кездері ғой «Мәңгілік ел: 100 нақты қадамның» шыққаны. Іле-шала «Ұлы дала» сөзі қанат қақты. «Қазақстан — 2050» стратегиясына да әлем сұқтанды. Тәуелсіздігіміздің 25 жыл тойының ыстық-суығы басылмай жатып, конституциялық реформа жасады. Қолындағы біраз билік тетіктерін Парламентке, Үкіметке бөліп бере салды. «Үшінші жаңғыруға» деген Жолдауына халық қанығып жатпай жатып, енді мынандай ғажайып құжатты, мақаланы жариялап келіп жіберді.

«Бәлкім…» деп қорқа соғып айтып отырғаным, осы тамаша құжат шынында да неге ерте шықпады? Қазақтың алтын тағының биігінен Нұрекеңе қазағының болашағы бізден гөрі анық көрінетін болар. Бұл шешімге, бұл сілкініске жаны қазақ, рухы қазақ біткен қатты қуанды. Бәлкім мақала ерте жарияланғанда бүйтіп қазақ қуанбайтын шығар. Пісіп-жетілмеген шешім ерте шықса, оның орындалуы да көңілден шықпас па деп ойладым.921622_155016171344451_556069408_o

Бұл мақалаға үн қоспаған, қостамаған бірде-бір ұйым жоқ. Оның ішінде оппозициялық күштер де жүр. Олар әсіресе мақаланың мына тұсын көбірек айтып, сүйсінісін білдірді. «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты — сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніміздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай». 901248_155015944677807_1683276946_oМенің де қорқатыным осы. Мінеки, мақаланың шыққанына бір айдай уақыт болып қалды. БАҚ-та осы мақаланы қостаған мыңдаған материалдар шықты, пікірлердің жариялануында да кемшілік жоқ. Тамсану, сүйсіну бар. Мақаладағы мәселелерді қайталау басым. Олардың ішінде жағымпаздық та «жарқын» көрініс тауып жатыр. Бірақ «былай істейік, олай істейін» деген нақтылық аз.

Шынында да осылай нәтижесіз құр даурыға берсек, «баяғы жартас — бір жартас» болып, базбаяғы жағдайымыз бұрынғыша сақталуы ғажап емес. Бұрында «Мемлекеттік тіл — мемлекетіміздің болашағы», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керек!», «Осы уақыттың ішінде аю да үйренетін болды ғой» деп Президентіміз кесімді сөздерін айтқан. Бұған мемлекетіміздегі өзге этностар да, шала қазақтар да, «аюлар да» селт етпеді. Енді мінеки, Президент ауызша айтқанды қойып, сын кезеңде жазбаша түрде мақала жазып отыр. Және қандай мақала! Бүге-шігесіне дейін орын-орнына қойып отыр барлығын.

 Қазір бос сөздің заманы емес

Дана халқымыз бұған, осынша тамаша құжаттың өмірге келгеніне қуана отырып үн қосты. Және «мемлекет тарапынан қандай нәтижелі іс-шаралар болады екен» деп тағатсыздана күтіп отыр. Іс, нәтиже керек. Сонда ғана билікке деген сенімі селкеулене бастаған халықтың сенімі бекиді. Одан басқа, меніңше, таңдайтын жол жоқ. «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс!» — деп Елбасымыз «жаңғырудың» не екенін соқырға таяқ ұстатқандай нақты айтты. Осы жерде  Президентіміздің тіл мәселесін алдыңғы қатарда айтып отырғанында зор мән бар.

Қадірлі Нұрсұлтан аға! Мен де жасым жөнінен сіздің артыңыздан еріп келе жатқан қарындастарыңыздың бірімін. Құдай қаласа, биыл жетпіс бір жасқа келемін. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері сіздің халқыңыз үшін шырылдап жасап жүрген істеріңізге қанықпын. Сіздің саясатыңызды шын жүрегіммен барынша қолдап, оның іске асуы үшін қолымнан келгенше қызмет етіп жүргенімді өзіме мақтаныш санаймын.

Ауылда жас кезімде ұстаз болдым. Кейін Алматы шаһарында А.Жұбанов атындағы саз мектебінде жай мұғалімнен басшылық қызметке дейін көтерілдім. Кейін «Қазақтелеком» компаниясында мемлекеттік тілдің кеңінен өркен жаюына өз үлесімді қостым. 63 жасымда газетке қызметке келіп, журналист болып жұмыс істеп жатырмын. Көптеген мақалалар жаздым. Өткен жылы «ЕлАна» қоғамдық, мәдени сайтын аштым. Міне, осы жасаған қызметтерімді ескеріп, «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ бердіңіз. Алғысым шексіз. Менің бұл жерде айтайын дегенім ешкім білмейтін елеусіз Қазақстан Республикасын бүкіл әлемге таныттыңыз. Бұл — жағымпаздық емес. Бұл — ақиқат! Енді мінеки, экономикалық, әлеуметтік жағынан мемлекетіміз біршама алға басқаннан кейін халқыңызды рухани жаңғыруға шақырғаныңыз өте дұрыс болды. Халқыңыз қолдады. Сан қилы пікірлер айтылып жатыр.

95 пайызымыз мемлекеттік тілді меңгере ала ма?

Жоғарыда «Қазақтелеком» компаниясында тіл мәселесінде біршама іс атқарғанымды айтып өттім. «Қалауын тапсаң, қар жанады» демекші, жолын, әдісін тапсаң, тоқырап тұрған мемлекеттік тіл көшін де орнынан қозғауға болады екен. Тілдің жайын өзіңізден артық ешкім білмейді. Меніңше, рухани жаңғырудың көш басында мемлекеттік тіл тұруы тиіс. Тіл рухани жаңғырудың жаны деп білемін. Егер қазақ тіл білмесе, онда ол толыққанды қазақ емес. Ол салт-дәстүрлерді, жоралғыларды жүрегімен, жан дүниесімен қабылдай алмайды. Яғни рухани жағынан жаңғыра алмайды. Өзіңіз айтпақшы, рухани жағынан жаңғыра алмаған адам өзінің ұлтын, мемлекетін толық мойындамайды. «Қазақстан — 2050» стратегияңызда «2025 жылы Қазақстан халқы 95 % мемлекеттік тілді білуі тиіс» дедіңіз. Егер біз осы беталысымызбен жүре берсек, ол нәтиже орындалмай ма деп қорқамын. Меніңше, әрбір қазақстандық азаматқа заңдық тұрғыдан талап қоюымыз тиіс. Тіл жөніндегі заңды қатайту керек. Тіл басқармасы тікелей өзіңізге бағынбаса, осы жалтақ күйінен он жыл өтсе де жаңылмасы анық.

Рухани жаңғыруымызға тұсау болатын зор маңызды мәселе — жемқорлық пен парақорлық. Бұл жүйе де өзіңізге тікелей бағынышты болғаны жөн. Тағы бір өзіңіз тікелей қолға алатын мәселе — көші-қон мәселесі. Сырттағы 5 миллион қазақтың жағдайы өте ауыр. Бұл мәселеде әлемде зор қамқорлық жасап жатқан президенттердің ішінде бірегейі өзіңізсіз. Бір миллиондай бауырымыз келіп, елімізге сіңді. Ал тағы да тоқырап қалған бауырларымыздың көші түзелсе, рухани жаңғыруға олардың қосар үлесі зор болатыны хақ. Өзіңіздің бастамаңызбен «Серпін» бағдарламасы дүниеге келіп, қазір жүйелі түрде жұмыс істеп жатыр. Бұл — тамаша бастама! Осы бастама одан сайын жанданса, нұр үстіне нұр болар еді.

«Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық теңестіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы ғана жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек».

Иә, дұрыс айтасыз. Жаңғыру жаңарумен кемелді. Ұлттық сана, өзіңіз айтпақшы, тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлермен байиды. Дамыған 30 мемлекеттің тәжірибесіне үңілсек, осы мәселені өзек еткенін түсінесің. Қазақ халқын да ғасырлар бойына сақтап келген де осы ұлттық сана. Қазақ — талантты халық. Жаңалықты тез қағып алатын қағілез халық. Ұлтымыздың осы қасиетін тиімді пайдалансақ, әлемде бізден мықты халық болмайды. Ұлттық сананың кемелденуіне байланысты сүбелі ойларыңызды қос қолымды көтере отырып қолдаймын.

«Білімнің салтанат құруы» жөнінде де тамаша ойлар айтқансыз. Ұзақ жылдар ұстаздық еткендегі қосар ойым мынау. Алдымен оқу орындарда мұғалімдікке дайындағанда оларды рухани құндылықтармен байытқан жөн. Рухани жағынан кедей мұғалімнен жақсы ұстаз шықпайды. Мұғалім жан-жақты болуы тиіс. Тәрбиелі білім ғана жақсы адамды дүниеге әкеледі. Қазір дипломды жұмыссыздар көп. Бұл мемлекеттің мамандарды жоспарсыз дайындап жатқандығынан деп ойлаймын. Осы мәселені Білім және ғылым министрлігі жолға қою қажет. Қазір мектептерде тағы бір қорқынышты жағдай қалыптасқан. Ұлдарымызда еркектік қасиет азайып барады. Себебі мектептердегі мұғалімдердің 95-97 пайызы қыз-келіншектер. Әліпбиімізді латын әрпіне көшіру мәселесі қозғалған екен. Құрастырушылардың айтуынша, латын қарпі тек қазақ мектептерінде ғана болады. Бұл қазақ тіліне қатысты екен. Ал орыс мектептеріндегі қазақ балаларын (70 %) қайтпекпіз?

Бабаларымызды таныту — ұлы идеология 262473_151939421652126_410675839_n

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы өте қажетті де маңызды жоба екені анық. Біздің газетімізде көп жылдардан бері «Бабалар рухына тағзым» атты экспедициямыз жұмыс істеп келеді. 10409724_343315219181211_792399139971666030_nОсы экспедициямызбен республиканың барлық жерлеріндегі бабалар жатқан киелі орындарда болдық десек, қателеспейміз. Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Ноғаев мырза экспедиция жоспарымен танысуда 2014 жыл.

Батыр да дана бабаларымыздың ерлік істері, өмірбаяндары кейінгі ұрпаққа нағыз үлгі-өнеге дер едім. Қазақстанның қай өңірінде болсын халқымыздың тарихи мақтанышына айналған тұлғалары баршылық.

10387535_354238424755557_1141632673962515031_n

Бірақ, неге екені белгісіз, бұл бабаларымыздың елеусіз қалғаны жанды ауыртады. Кеңес өкіметі кезінде балаларды каникул кездерінде Батыр қалаларға, Ленин жатқан мавзолейге, оның жүрген жерлеріне, Кеңес одағының батырларына экскурсияға апаратын жақсы үрдіс болды. Бұл олардың керемет идеологиясы еді. Сөйтіп, олар балалардың санасын жаулап алатын. Осы үрдісті біз неге пайдаланбаймыз?

Киелі жерлерге экскурсияға шығу отаншылдыққа тәрбиелейтіні сөзсіз. Мұны министрлік, мектеп, оқу орындарының бағдарламасына енгізу керек-ақ.23616_html_7c0eae5b pam_rayimbek_b  pbsl_5113_mavzoleiy-eset-batyra
6670-2ab18d

Ал бізде ондай ғажайып бабаларымыз аз емес қой. Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Райымбек, Әлмерек, Қабанбай, Қобыланды,  Мәшhүр Жүсіп, Қарасай-Ағынтай, Наурызбай, Бөгенбай, Пір Бекет, Ырғызбай, Исатай, Махамбет, Есет батыр дейсің бе, өте көп.

img_2489 img_2084 beket131 img_2034375138_158756694303732_249345835_n935523_151930218319713_1437449359_n943585_151929991653069_1621213585_n14379764_1086815028033259_325631385365730756_o 262474_151924304986971_195030092_n945062_151934878319247_231734056_nАбай, Шәкәрім, Қозы Көрпеш, Еңлік-Кебек, Айша бибі,

39753 uhoh

Қорқыт, Асан қайғы… Түркістан,1382737057_korkyt c0qu4df3fru3vfws173l46qtl315gr Сығанақ, Отырар, Сарайшық, Сауран, Жанкент, т. б. тарихи қалалар.

10391015_354102554769144_5197027924236171919_n

993782_167291166783618_1645384868_n

Отпан, Аңырақай, Ордабасы, Ұлытау… Абылай хан ставкасы,128507457265_photo28990670128515099753_photo

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

er_0196

1426494680%d0%b0%d0%b9%d2%93%d0%b0214457433_1141495869272978_6655046822570290836_nСырымбетте Айғаным ханшайым, Қостанайда Ахаңның жары Бадрисафа ана, Айша бибі кесенелері. Олардың әрқайсысы тарихи шежірелерге толы.

Біздің экспедиция қандай киелі жерлерге барсақ та, ондағы көкейтесті мәселелер жөнінде облыс басшыларына, министрліктің назарына жеткізіп айтуды парызымыз санайтынбыз. Мәселен, Қозы Көрпеш — Баян сұлудың жатқан жерлерін Махаббат ауылына айналдыруды мәселе етіп көтердік.947109_151938931652175_1104636605_n

Кеңгірбай бабаның мұражайында қалпағы мен тасфиғын тамашалаудамыз. 2013жыл

428532_151938598318875_2006697124_n

Ырғызбай бабаның кесенесінің ауласында ағаш отырғызудамыз 2013жыл

Семей жерінің қай өңірінде де тарихи жерлер көп. Сонау Шыңғыс хан түмендерінің жорығынан бастап, берідегі жоңғар, қытай басқыншыларымен аруақты бабаларымыздың жан алып, жан беріскен шайқастарының қанды іздері сайрап жатыр бұл өңірде. Әсіресе қытайдың, жоңғардың сансыз әскерлерінің мысын басып, сан мәрте тойтарыс бергендерімен, өздері де қатты қалжыраған қазақ қосындарының титықтаған сәті екен. Осының бәрін сезіп-біліп отырған дана Абылай хан бастаған билер, батырлар қазақ елінің тыныштығы үшін ата жауларымен келісімге келуге мәжбүр болған. Аягөз қаласынан он шақырым жердегі Мамырсу келісімі немесе Қандыжап шартын жасаған тарихи орын ұрпағына сонысымен құнды. Осындағы алып төбенің басына жүздеген ақ боз үйлер тігіліп, қазақ, қытай, қалмақ елдері туларын көтеріп, тарихи бітімге қол қойған. Мұнда қазақтың барлық билері мен хас батырлары жиналған. Дәл осы төбенің биігіне кейін жұрт белгітас қойған.

390580_151938671652201_988968483_n

 

Белгітасқа былай деп тарихымызды қашап жазыпты: «Осы жерде 1757 жылы Абылай ханның қатысуымен қазақ, қытай, қалмақ елдерінің арасында Мамырсу (Қандыжап шарты) келісімі жасалған».Біздің газетіміз осы тарихи орынның құлазып жатқанын талай жазған болатын. Осы тоғыз жолдың торабы тоғысқан жерге кешенді ескерткіш қойылса деген бастамамыз аяқсыз қалып келеді.

215288_151938848318850_575297094_n249021_151938808318854_1676867263_n

Ақтаудағы Алты құлаш әулие Х-ХІ ғасырға жатады. Ал ХІ ғасырда бұл жерде түркпендер болған екен. Кеңес үкіметінің кезінде билік осы жерді тегістеп, шағын аудан жасаймыз деген. Алайда бұл жерден сүйектер шыққан. Зерттей келе, сүйектер батырлардың қаңқасы екені анықталған. 1996 сырты қоршауға алынған.20170421_201052-120170421_201100-1

20170421_200848-1

Келушілер көп. Республиканың түкпір-түкпірінен келеді. Халық осында келіп, шырағын жағып, тілегін тілейді. 2006 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша облыстық мәслихат шешімімен әулиені мәдени орын қатарына кіргізеді. Одан бері 11 жыл өтті. Әлге дейін реставрация жасалмады. Тіркеуге алынбады. Мүмкін бұл шешім оларға әлі түспеген шығар. Үкімет әлі күнге дейін қолдаған жоқ. Бұл жерде мола көп. Сыртын қоршағанда кәсіпкерлер көмегін көрсетті. Одан кейін ешкім көмектеспеді. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс…
20170421_20083620170421_201455-1

Қадірлі Нұрсұлтан аға! Қысқасы біз, халқыңыз рухани жаңғыру майданында сізбен біргеміз. «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барынша қазақстандықтар, әсіресе жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін». Біздіңше, сенім бар жерде табыс бар, ынтымақ, бірлік бар. Халқымыз аман, рухы биік болғай!

Сәуле Мешітбайқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған