7 айда – 4087 орындық

Қазір облыс орталығы емес аудандарда да инвесторлардың көмегімен тірлігі өрге басқан кәсіпорындар көбейіп келеді. Мәселен, жұмысын 2016 жылдың сәуір айынан бастаған Төлеби ауданы Ленгер қаласындағы «Янгуан» ЖШС біріккен кәсіпорнына бастапқыда 100 миллион теңге инвестиция тартылған болатын. Жұмысын осы қолдау қаржыдан бастау алған кәсіпорын ағаштан түрлі өнімдер жасап шығарып, сатумен айналысады. Мәселен, бұл біріккен кәсіпорын өткен жылы 6 125 орындық жасаған болса, биылғы 7 айдың ішінде 4 087 дана орындық дайындаған. Өнім сапалы болуы үшін шикізат, яғни ағаштар сонау Петропавл мен Павлодардан жеткізіледі.

Жұмыс істей бастағанына небәрі екі жылға жуықтаған кәсіпорында бүгінде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың орта жалақылары 50 мың теңгенің төңірегінде. Алдағы уақытта жұмыс қуаттылығын бүгінгіден де арттырамыз деген кәсіпорын басшылығы ондай жағдайда жұмысшылар саны тағы артатындығын айтып отыр.

         Нұр МЕКЕН,

Оңтүстік Қазақстан облысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған