7-20-25 бағдарламасы, Тараз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәттің жеткенін атап өтті.

«Бірден айтайын: бүгін айтылатын ұсыныстың бәрі – есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама. Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба», — деді Мемлекет басшысы халыққа арналған үндеуінде.

Президент «7 – 20 – 25» бағдарламасын іске қосу арқылы жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болатынын айтты:

  • несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 проценттен аспайтын болады;
  • бастапқы жарна 20%-тен аспауға тиіс;
  • несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 25 жылға дейін болады.