7 КӨПБАЛАЛЫ АНА КҮМІС АЛҚА ИЕСІ АТАНДЫ
Ана — тіршіліктің алтын арқауы.
Асыл ананың қадірі туралы ұлағатты сөздер жеткілікті.
«Жәннат — ананың табанының астында» — деген халық даналығының астарында теңіздей терең мағына жатқаны баршамызға белгілі.
Сарысу ауданы бойынша бүгінгі таңда 1482 «алтын құрсақты» аналар бар, оның ішінде 641 ана «Алтын алқа» және 841 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған.
Батыр аналарымыздың саны — 134.
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №568 Жарлығымен наградталған ауданымызда 7 ана «Күміс алқа» алқаларына ие болды.
Бүгін Сарысу ауданының әкімі
М.Сұлтанғалиев осы көпбалалы аналарды қабылдады.
Бүгінгі жүздесу сәтін пайдалана отырып, аудан басшысы әрбір отбасының ұйытқысы әрі берекесі болып отырған аналарды құттықтап, алғысын білдірді.
Д.Үмбетиярова, Сарысу ауданы