№7 қалалық емханасында «Буккроссинг» бұрышы ашылды

Бұл — кітапқа жаны құмар жандар үшін қажет дүние. Букроссинг жобасы — оқырманды көбейтіп, таным көкжиегін кеңейтуге, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыруға бағытталған. Әсіресе, мұндай іс-шара өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үлкен маңызға ие. Кітап оқу, кітаппен дос болу рухани кемелдікке ұмтылудың алғашқы қадамы. Кітап – ол мәңгілік қалатын дүние. Ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасады.

Емханадағы  кітап сөресі келушілердің  әдебиет оқуға ғана баулымай,  адам бойындағы жауапкершілік,  адалдық,  тазалық сынды қасиеттерді де қалыптастыра түсері сөзсіз.  Кез-келген қала тұрғыны сөредегі қызықтырған әдебиетті оқуға алып, қайта орнына әкелсе болды. Сондай-ақ,  үйіндегі оқылған әдебиеттерін буккроссинг бұрышына сыйға да қалдыра алады.

 

 

Денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз қызметі