7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

Аталмыш күнге орай, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, денсаулық жанашырларына құрмет өтті.

Мерейлі мерекеде адам жанының арашасына айналған абзал жандар марапат төрінен көрінді.

Дәрігер – әлемдегі ең ізгі мамандықтың бірі.

Адам жанының арашасы болу өте ұқыптылықты талап ететіні әмбеге аян.

Сондықтан кәсіби мерекеге орай озық ісімен дараланған бірқатар медицина саласының және санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері марапат төрінен көрінді.

Оларды аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтап, сәттілік тіледі.

 

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы