«Қалаулым» болмаса «Әлеулім» шығады…

Шынын айтасм, өзім журналист болғандықтан емес, өнбейтін іске барғым келмейді. Соның бірі — «Қалаулымды» жаптыру мәселесі.

Неге өнбейді? Өйткені, «қалаулым» бітсе, басқа әлеулім шығады. Осыны біле тұра, желдиірменмен алысқым жоқ. Атақ дәрежесін айтпағанда, кесіп айтары жазары бар, ЕлАна аталып кеткен,өзімеде анамдай болған Сәуле Мешітбайқызының  (Қазақ менталитетіне жат бағдарламалар эфирден алынсын!) мақаласын оқып өзімнің пікірімді жазуды жөн көрдім.

1. Өз басым ток-шоумен тікелей Евразия арнасында жолықтым, бір ток-шоуды басқардым. Сол кезде байқағаным, бұл жанр — таза капиталистік ойнақы, әлеуметтік мәселені ойынға айналдыра отырып, қоғамның талқысына салған болып, төменгі топтарға талғажау етілетін тақырыптарға арналған, ал телеарналар үшін басты қоректің көзі екен.

Алайда, біз өзімізше бұл дәстүрді бұзыңқырап көрпені өзімізге қарай тартық. Талқыланған 300 тақырыптың ішіне ұлттық құндылықты дәріптеуді тықпаладық. Omar Jaleluly секілді айтармандарды халыққа кеңінен таныстырып, танымал етуді астыртын мақсат еттік. Оның жемісі де бар. Бірақ…

2. Бірақ бұл таланымыз тар болып шықты. Біз ұлттық мәселеге ат басын тіреген сайын рейтингіміз «құлдырайтынын» байқадық. Оған өтірік рейтинг беретін тараптың да, көрерменнің де үлесі бар. Мәселесі шешілмейтін тақырыпты халыққа көрсете бергеннен оның жиірекенішінен өзге ештеңе үстей алмасымызды сол кезде аңдағам. Оның үстіне мәскеулік продюссура біздің пиғылымызды микроскоппен қарап отыратын. Тіпті, асыл әншіміз Батырхан Шөкенов қайтқанына орай шұғыл түсіруге Мәскеуден алдырған Арман Дәулетияровты да тсүірім алаңғына жібермей, ақыры ұлтшыл азаматымыздың аддында қарабет болған да кезіміз болған.

Бұның бәрін не үшін айтып отырмын: қазақ телеарнасы — күң! Ерікті емес! Әсіресе жеке телеарналардың күні сол. Оларды қаржы табудың шұлғауына айналдырғанына қазақ қоғамының жетіп отырған көзі жоқ.

Ақыры біздің командамызбен қуып таратты. Орнын күлді-бадам нұсқа келіп, көп ұзамай ол жабылды. Міне ақыры айы оңынан туған «Қалаулым» сол кезде пайда болды!

3. Евразия телеарнасы сол кезде елдегі жарнамадан пайда табатын ең табысшыл арна болатын. Біңрақ табыстың дені құрылтайшылар мен ресейлік басшылардың құзырында. Әйтпесе олар бұнда келіп жындары бар ма? Міне сол себептен Қалаулым іздегенге сұраған болатын: ол ұлттық құндылықты дәріптейтін, іздейтін емес, керісінше соның қалқасында пайда табуға лайық өнім. Оның үстіне кешіріңіз, көрерменнің 70-80 пайызы тобырлық талғамның деңгейінде қалған, оны сол күйгше соңғы ондаған жылдар бойы «тәрбиеледік», икемдедік. Тіпті шал-шауқанға дейін соған тесілетіні рас. Себебі, адам психологиясы сондай шынайы, айқай-сүреңі бар, жалықтырмайтын, оқиғасы ушығыңқы жайттарға құмар. Бұл адам-пенденің көпшілігіне тән. Ток-шоу осы психологияға арналып, рейтинг көрсетімдерін балалататын тапсырыспен жасалады!

4. Қалаулымның ұлттық талғам мен тәлімге қайшы екенін аңдап, оны түзейтін заңды немесе әкімшілік ресурс жоқ. Әлгінде айттым, бізді неге қуғанын, оған сол кездегі тікелей мүдделі болған президент аппаратындағы идеологтар еді. Оның бірқатары кәзір шпион болып түрмеде отыр.

Ал енді қолда бар ұлттық арналар Қалаулымдарға бәсеке болатындай өнім жасаса, оған ешкім қой демес.Бірақ ол бюджеттен бөлінетін тиын-тебенге өкпесі өшіп жолда қалатын талай шала-жансар көрсетімдердің бірі болары сөзсіз. Солай болып та жатыр. Ал байыпты, байсалды дүниелер Қалаулым секілді оспадар өніммен бәсекелесе алмайды. Оны жұрт олай құмартып қарамайды. Зорлап қораға бүгінде ешкімді қамай алмайсың!

Бірақ ұлттық иммунитет пен рухани антибиотик керек, әрі оны істеуге болады. Ол үшін барынша ұлтшыл әрі маман, әрі кәсіпқой телеарнашылар жеткіліксіз. Дәл сондай билік керек!

Сонда заңның бір ғана бабымен шешуге болады.

Алайда, тыйым салумен ұлттық құндылықты құтқара алмаймыз. ОЛ қарабайыр шараның бірі ғана. Оны ұсынушылар да мәселені қарабайыр түрде ұғатындар. Тағы да айтамыз, бүгінгі жаһанданған жағдайда, тыйым салу дегенің короновирустың жұқпалы жағдайы іспетті. Қалаулымды жауып, әлеуліммен табысамыз.

5. Қалаулым бүгінде балалап жатыр екен. Бұрын тек Евразия арнасында болса, бүгінде ол «Қалауым сен» деген сауатсыз атаумен (дұрысы:Қалауым — сен) аталатын НТКда да бар екен. Демек, қоғамның «қалаушыларға» сұранысы жойқын деген сөз. Оны жапқанмен, ертең жұмыссыз қалған сол журналистер мен продюссерлер оны интернеттен ашып алады. Демек, мәселеге қарабайыр қарап шешуді доғару керек. Қоғамдағы бұндай мәселе мен ұлттық құндылықты жоқтайтын мемлекеттік жүйе орнамайынша, таққа халытық билік келмейінше ештеңе өнбейді! Тіпті, жарлықпен (бұл заңға қайшы) Тоқаев «Қалаулым» атаулыны жауып, 1 айға жететін ұпай алса да

ештеңе өнбейді! Мәселе елде ұлттық құндылықты жоқтап, оны орнына қоятын жүйенің жоқтығында. Қоғамға рухани коронавирусты қаптатып жатқан «Қалаулым»секілді телеөнімдеро емес, олар бар болғаны сол індеттің көрінісі, нәтижесі ғана, салдары!

Ал себеппен кім күреседі?

Қалай күреседі?

Мәселе сонда!!!

«ҚАЛАУЛЫМ» — ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ «ҚАЛАҒАН» ӨНІМІ. ОЛАЙ БОЛМАСА РЕЙТИНГ ЖОҒАРЫ БОЛМАС ЕДІ. Бұл — қазақ қөоғамының соңғы 30 жылдағы қалыптасқан талғамының көрінісі! Сол талғам көзделді, соған қол жетті. Билік үшін де халыққа арналған сондай «емізік» пен «сағыз» керек. Халықты алдандыратын емізік-өнім керек! Ауыр болса да, жеңіл болса да шындық — осы! elana.kz

Серік Ерғали