745 оқушының 99-ы жеңімпаз
«Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысқан жамбылдық 745 оқушының 99-ы жеңімпаз атанып, үздік 1000 баланың қатарынан көрінді. Бұл біз үшін үлкен жетістік!
Жалпы биыл үшінші рет ұйымдастырылған ауыл оқушыларына арналған білім бәйгесіне облыс бойынша 14 022 оқушы қатысқан. Өткен жылы жеңімпаздарымыздың саны 68 болса, биыл 99. Жеңімпаздардың басым бөлігі Жамбыл, Байзақ, Меркі аудандарының оқушылары.
Жеңімпаздардың 42-і 5-сыныпты, ал 57-і 6-сыныпты тәмамдайды. ҚР БҒМ квоталарына сәйкес 6-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар Қазақстанның кез-келген дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінде білімдерін жалғастыруға мүмкіндік алады.
Ал, 5-сыныпты аяқтаған оқушылар Елбасы Академиясының «Birge oqu» онлайн мектебінде өз білімдерін жетілдіреді.
Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймын! Облыс оқушыларының білімнің биік шыңынан көрінулеріне тілектеспін!