АУДАН ЖАСТАРЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҰСТАНУҒА ШАҚЫРАДЫ!
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты » Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері мен ауданның ерікті жастары бірге аудан тұрғындарын Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а Н.Муликованың «Жамбыл облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» 2020 жылдың 5 шілдесі күнгі номері 28 қаулысындағы шектеу шараларымен таныстыруда, сондай ақ қаулыда көрсетілгендей бетпердемен жүру өз денсаулығыңызды сақтаудың бірден бір септігі екенін, 63 жастан асқан азаматтардың аса қажеттіліксіз үйден шықпауын, 3 адамнан артық топталып жүруге болмайтынын, санитарлық талаптарды ұстану керектігін түсіндіріп, арнайы дайындалған инфографикалар мен парақшалар үлестіруді жалғастыруда