Астана күніне орай «Жайнай бер, жарқырай бер, Астана» атты жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті
Бүгін «Астана күні» мерекесіне арналған Тараз қаласының тұрғындары арасында «Жайнай бер жарқырай бер, Астана» атты жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті.
Жүгіріске облыс әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің басқармалары, құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелер, акционерлік қоғамдар, Тараз қаласында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелер мен қала тұрғындары атсалысты. Жалпы 600-ден аса адам қатысты.
Жүгіріс бағыты: Орталық «Достық» алаңынан – (Төле би көшесі бойымен) – ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін жүгірді. Жүгірістің жалпы қашықтығы 3 шақырым.
Жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облысының жеңіл атлетика федерациясы және Тараз қаласы әкімдігі жүзеге асырады.
Жарысты өткізудің негізгі мақсаты «Астана күні» мерекесін атап өту, Тараз қаласы тұрғындары арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және жеңіл атлетикамен шұғылдануға қызығушылығын арттыру.