8 968 ШАРУАШЫЛЫҚҚА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгінгі күні облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 18,7 млрд. теңгеден астам мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде, егін шаруашылығы саласы бойынша – 1 136 шаруашылыққа 2,5 млрд. теңге, мал шаруашылығында – 3 714 шаруаға 7,7 млрд. теңге субсидия берілді.
Сонымен қатар, қайта өңдеу саласы бойынша 17 шаруашылыққа 856,9 млн. теңге төленсе, 630 агроқұрылымға 5,2 млрд. теңге инвестициялық субсидия төленді. Бұдан бөлек, кредит және лизинг бағыттары бойынша 3 470 шаруаға 2,0 млрд. теңгеге, басқа да бағыттар бойынша 1 шаруашылыққа 5,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы