8 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев мәлімдеді.

Маңғыстау облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары әзірленді. Кешенді жоспар шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 19 мыңға жуық адам қамтылады деп күтілуде. Оның 8 мыңнан астамы – тұрақты жұмыс орындарымен. Сонымен қатар:

-қысқа мерзімді кәсіби курстарды бітірген 840 адам жұмыспен қамтылады;

-624 азамат үшін шағын несие қарастырылған;

-635 адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттармен қамтамасыз етіледі;

-376 адам жастар тәжірибесіне жіберілетін болады.

Кешенді жоспарды іске асыру басталып кетті және ниет білдірушілер жергілікті жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдеріне хабарласа алады.

ЖОЛ КАРТАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА 34 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықты төтенше жағдай кезінде, сондай-ақ осы кезеңнен кейін жұмыспен қамтамасыз ету үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы әзірленді және бекітілді.

Қабылданған Жол картасының негізгі мақсаттары:

— жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу;

— қосымша жұмыс орындарын құру және халықтатабыстың болуын қамтамасыз ету;

— елді мекендердің инфрақұрылымдық дамуы үшін жағдайлар жасау.

Жол картасын жүзеге асыруға біздің облыс үшін 34 млрд. теңге қарастырылған.

Барлығы 144 жоба іске асырылатын болады, олар 8 911 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 400-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы келесі бағыттар бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді:

1) Әлеуметтік-мәдени нысандар: барлығы 63 жоба, 2 829 жұмыс орнын құрумен, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы осы жұмыс орындарына 1387 адам жұмысқа орналасады.

2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары: 37 жоба, 2 829 жұмыс орнын құрумен, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы осы жұмыс орындарына 1 414 адам жұмысқа орналасады.

3) Инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандары: барлығы 30 жоба, 1 382 жұмыс орнын құрумен, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы осы жұмыс орындарына 792 адам жұмысқа орналасады.

4) бұл елді мекендерді абаттандыру бойынша 13 жоба, 1 455 жұмыс орнын құрумен, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтарынан 753 адам жұмысқа орналасады.

Жол картасы шеңберіндегі жобаларға қатысу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну қажет.

Жұмыспен қамту жол картасы аясында бүгінгі күні мердігерді анықтау бойынша тиісті конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Мердігерлердің басым бөлігі осы айдың соңына дейін анықталатын болады.

Бұл ретте, мердігерлермен шарттар жасасу кезінде бірқатар принциптік талаптар қойылады:

1) жобаны іске асыру барысында қызметкерлердің кемінде 50% — ы жұмыспен қамту орталықтарынан тартылуы тиіс.Бұл ретте олардың жалақысы 150 мың теңгеден кем болмауы тиіс.

2) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің кемінде 90% жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынуы тиіс.

Барлық осы талаптар орындалуы тиіс. Жергілікті жерлердегі әкімдер мұны бақылайтын болады.

39 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН 207 КОМПАНИЯЛАРМЕН МЕМОРАНДУМДАР ЖАСАЛДЫ

Жұмыс орындарын сақтау бойынша ірі компаниялармен меморандумдар жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгінде 39 мыңға жуық адамды қамтитын 207 компаниялармен меморандумдар жасалды.

Атап айтқанда, «Маңғыстаумұнайгаз» (4044 адам), «Бузачи Оперейтинг» (911 адам), «КазАзот» (1182 адам), «Қарақұдықмұнай» (468 адам) сияқты ірі және тағы басқа орта және шағын мекемелер.

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН 146 МЫҢ АДАМҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылған жағдайда мемлекет 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төлейді.

Бүгінгі күні облысымызда әлеуметтік төлем алу үшін 295 мың өтініш түсті, оның ішінде 146 мың өтініш тіркеуден бас тартылды. Ал табысынан айырылған 146 мың адамға 1 ең төменгі жалақы көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалды (барлығы 5,7 млрд. теңге төленді).

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ