8 наурызға 1 миллион теңге көлеміндегі көмек кімдерге беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша әкімдіктер мұқтаж қазақстандықтарға 21 атаулы және мерекелік күнге әлеуметтік көмек көрсетеді.

Бұл ретте олардың тізбесі, сондай-ақ өңірлердегі төлемдер мөлшері әртүрлі және нақты әкімшілік-аумақтық бюджетінің мүмкіндіктеріне байланысты.

Tengrinews.kz мәліметінше республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімдіктері мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды, әлеуметтік көмектің, оның ішінде тиісті бюджеттер қаражатынан төленетін атаулы күндер мен мереке күндеріне арналған мөлшерлерін белгілейді.

Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті органның немесе өзге де ұйымдардың ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбе бойынша көрсетіледі, — делінген министрлік жауабында.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өз кезегінде халықаралық әйелдер күніне орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін бір миллион теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетіні хабарлады.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша осындай ақшалай төлем халықтың осы санатына және басқа да мерекелік күндерге беріледі, мысалы:

1) Жаңа жыл-1-2 қаңтар;

2) Наурыз мейрамы — 21-23 наурыз;

3) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі — 1 мамыр;

4) Астана күні — 6 шілде;

5) Конституция күні-30 тамыз;

6) Республика күні-25 қазан;

7) Тәуелсіздік күні-16 желтоқсан.

Әлеуметтік көмектің осы түрін көрсетумен Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы айналысады.

BAQ.KZ.