86 депутат Ұ. Сәдібековті таңдады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Түркістан қаласына келіп, Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты, — деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің Түркістан облысының әкімі қызметіне Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдының кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.
Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 286 депутаттың 200-і
Д. Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берді, 86 депутат
Ұ. Сәдібековті таңдады.
Айғақ Медиа