Жаныңа қормал бол!

Барлық бақытсыздық, дендеген дерт, кездейсоқ жамандық, көңіл күйдің түсуі, ашу мен ыза, өмірге өкпе – миыңызға кіріп, шықпай қойған ақпараттық у мен бүлдіргілердің кесірінен.
Ауырып қалдың. Неге? Өйткені, бір күн бұрын әлдекім сені айыптады. Аяғың тайып кетіп, басың жарылып қалды. Неге? Бір күн бұрын біреу сын айтты. Жүйке тозып, өмір сүргің келмейді, өйткені, үйдегілердің біреуі үнемі сені айыптай береді. Көңілде үрей, қарапайым істі істеуге жүрегің дауаламайды, себебі анау біреу қолыңнан түк келмейді деген. Әлсізсің. Сені жаулап алды. Жаның басқыншылықта қалды.

Жоғарыда тізіп шыққан жағдайдың бәрі – психологиялық удың кесірінен туындаған нәтиже. У адамның иммунитетін әлсіретеді. Қорғаныш күшін кемітеді. Өкінішке орай, адамдарға сын айтқызбай тастай алмайсыз. Оны тыңдамай қоюға да шама жетпес. Ойшы сынды қабылдамауды үйрену керек.

Удың бетін қайтару үшін екі нәрсені меңгеру керек. Біріншісі, бүлдіргіні тану. Екіншісі, сол бүлдіргінің миыңа ендірмеу. Реніш пен өкпеден арыла алмасаң да, басыңда у бар екенін біліп, ол у-дың баста қалуына өзің рұқсат бергеніңді білсең де жеткілікті.

Маған жақпайды, яғни бұның маған керегі жоқ! Өтірік! Қызық емес!
Саған ренжісе – бұл маған жақпайды, маған керек емес!
Сені ренжітсе – маған жақпайды, маған керек емес!
Теледидардағы жаңалық үрейлендірсе – қызық емес!
Осы бағдарламаны миыңа тоқы. Зиянды бүлдіргі ақпараттарды аластасын. Адамды «маған жамандық жасағысы келді ме?» дейтін критерий бойынша емес, «Оның сөзі мен ісінен жаман болдым ба?» деп бағала.
Дұрыстап сақтану үшін айна тәсілін қолдану керек. У-дың санаға енуіне екіжақты кедергі келтіреді. «Мен адамдарға ешқашан бұлай жасамаймын» дегенді түсіну – айналадағы адамдардың осындай ісінен бас тартуға жетелейді. «Мен ешкімді сынамаймын, мені де ешкім сынамасын» деп кейбір жағдайда айтып отыру ләзім.
Белгілі бір жағдайда ғана адамға оңтайлы бағдарлама жасауға көмектесуге болады. Адамға бір нәрсені у қоспай берсең ғана тез үйренеді.

Жаныңа енгісі келетін бүліндіге айна тәсілін қолдану:
1. Сын айтпа — сынға мән берме.
2. Ешкімді тіпті ойша да айыптама — өзіңді кінәлі сезінбе.
3. Ренжітпе — ренжіме.
4. Өзгеге (өзіңе де) тек жағымды дүниелерді айтып үйрен. Ескертпе айту керек болса, «Онда барма, өлтіріп кетеді!» демегін. Нақты фактілерді теріп, дауыс көтермей сөйле: «Ол ауданда соңғы аптада 13 адамды өлтіріп кетіпті» де.
5. Қорқытпа — қорықпа.
6. Өзгенің менін төмендетпе — сенің меніңді түсіргісі келетіндерді тыңдама.
7. Өзгенің кемшілігін терме — сенікін терген адамға бейжай бол.
8. Өзгенің болмысын бүлдіретін бағдарламаны түзбе — өзіңнің болмысыңа да жағымсыздықты жолатпа.
Болымсыз мәтінді түйсік қабылдамайтынын ескерсек, жоғарыда айтылғанның бәрін дұрыс мәтінге былай түсіреді:

1. Мақұлда!
2. Өзгенің жамандық жасауының мақсатын түсін!
3. Өзгенің психикасын сақта!
4. Болжамды тек жағымды күйде айт: «бәрі жақсы болады!»
5. Тыныштандыр!
6. Өзгенің менін көтермеле!
7. Өзгенің артықшылығын айтып отыр!
8. Шамаң жетсе, өзгенің санасына мына екі ережені қолдана отырып жағымды бағдарламаны жазуға тырыс:
а) бағдарлама олардың көзқарасы бойынша жағымды болуы тиіс, сенің ойыңша емес;
б) бағдарламада үшінші біреуге қатысты жамандық болмасын.

Егер өзгенің бұрыс қылығын бетіне басып, саған ыңғайлы етіп түзегің келсе, ол ойды жағымсыз түрде де, жағымды етіп те жеткізуге болатынын ұмытпа. Жағымды нұсқасын айтып үйрен.
Ұнамаған қылықтарды жою үшін — яғни, басқа бір пайдалы нәрсе үйрету керек.
Бір әрекетті тоқтату үшін — яғни, басқа бір әрекетті бастау қажеттілігі.

Өмірді әркім әрқалай сүреді. Біреуден таяқ жеп өтуің мүмкін, немесе өзгені таяқтап. Басқа жол жоқ деп есептеп. Бұлай жалғаса берсе, ауыр соққы алудың мүмкіндік үлесі өседі. Өзіңе де, өзгеге де құрметпен қарауға болады. Өзгені де, өзіңді де сақтауға, алға жетелеп, әр адам – артықшылығы зор тұлға деп тануға болады. Бұл тек сымбатына қарай емес, психологиялық қыр-сырына сай.
Бұл заманның адамы бір-бірін төмпештемеу мәдениетін үйренді. Бірақ психологиялық у шашуды доғармады. Онша байқалмаса да, әр жерден көруге болады. Ортағасырлық өзгені айыптап, жазаға тарту дағдымыздан әлі арыла алмадық. Бірақ оны ашық көрсетпейміз. Қазір мейірімді болып көріну сәнге айналған.
Оның үстіне адамды психологиялық соққымен өз-өзіне қол салуға жеткізу оңайырақ. Дәлел жетіп артылады. Жарақаттардың саны да көп. Ішіңнен біреу тепсе, тез жазылады. Ал, ойдың зардабынан пайда болған асқазанның жарасын жазу қиындау. Нақты неден жаныңа жара түсіп, қай сөзді көңіліңе алғаныңды анықтау ұзақ жылдарға созылып кетуі мүмкін. Сол бағдарламаны жазуға талай уақыт кетеді. Асқазанның жарасын дәрімен ғана емдеп жаза алмайсың.

Өзгенің жанына жарақат салма. Өз жаныңа да қалқан жасап ал. Ұрған адам қолын сындырса да, сенің оңтайлы өмір сүру дағдыңа бөгет жасамасын.

Юлия Джумм
Аударған Шынар Әбілдә