Парламенті Мәжілісінің депутаты Қордайда
Кеше Қордай ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ильяс Буларов келіп, бірқатар елді мекендер тұрғындарымен кездесті.
Сортөбе ауылында өткен кездесуге облыстық мәслихат депутаты Лугмар Буларов, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев, Сортөбе ауылдық округінің әкімі Рустам Фушанло, шекара қызметінің өкілдері, мешіт имамдары, ауыл ақсақалдары қатысты. «Еліміздің басты байлығы – бірлігіміз. Ол бейбітшілік пен келісім. Достастық қарым-қатынас орнаған жағдайда ғана біздің қолымыздан дамыту, құру келеді. Соңғы қайғылы оқиғалар түсіністік пен келісім болмаса прогресс болмайтынын дәлелдеді. Бейбітшілік, достастық, түсіністік, патриотизммен қатар идеологиялық тәрбиенің негізіне салыну керек. Өткенін білмейтін халықтың болашағы жоқ. Патриоттық тәрбиенің маңыздылығын түсінетін адам аз. Сондықтан, басқаларға үлгі боларлықтай этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға шақырамын. Қастық ойлаушылардың арандатуларына берілмеу керек. Бідің ең басты құндылығымыз – ол Тәуелсіздік. Ол –бейбіт өмір, қоғамдық келісім, халықтың әл-ауқатын арттыру, жастардың ертеңге күнге сенімдері. Мұның бәрін сақтап, одан әрі нығайту қажет. Келісімге негізделген халқымыздың келісушілігін бағалауымыз қажет. Әр азамат тарихты, мәдениетті, мемлекеттік тілді білу керек- бұл адамның Отанына деген құрметі. Қордай ауданында орын алған қайғылы оқиғалардан кейін Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Бейбітшілік және келісім» пилоттық жоба аясында жергілікті билік тұрғындарды мазалайтын және жаппай наразылық тудыратын проблемаларды анықтау, және оларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында ауылдардың арнайы әлеуметтік карталарын әзірлеген. Бұл үшін арнайы өңірлік бағдарлама жасалған», — деді өз сөзін мемлекеттік тілде бастап, осылайша қазақ тілге деген құрметін білдірген Ильяс Юсупович.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерді көтерді.
@damira_maratovna
@korday_mayak