ҚР Мәжіліс депутаты – ауданымызда


✅«Халық үшін құлақ асатын мемелекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған саяси бағыттардың бірі. Сонымен қатар бұл тұжырымдама бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайын көтеруге, ел аймақтары арасындағы теңсіздікті жоюға және халықты толғандырып жүрген басқа да мәселелердің шешімін табуына оң ықпалын тигізіп отыр. Дегенмен, ауылды жерлерде ризығын мал мен жерден тауып отырған халықтың көкейіндегі өткір де өзекті мәселелер кездесетіні ауыз толтырып айтарлықтай. Стратегиялық бағыттар жүйелі орындалып жатқанымен тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ асып жатқан мемлекет мейлінше қолдау білдіріп те жатыр.

Осындвй іскерлік мақсатпен сәрсенбі күні ауданымызға арнайы келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Назиля Раззақ Жамбыл ауылдық округіне қарасты Ш:Ниязбеков ауылы тұрғындарының тіршілігімен танысты.
Әуелі Мәжіліс депутаты Назиля Раззақбайқызы округ әкімі Бақыт Садырбаевтың өткен жылы атқарған жұмыстары бойынша Ш.Ниязбеков ауылының тұрғындары алдындағы есеп беру жиынына қатысты.


Округ әкімінің есепті баяндамасынан кейін ауыл азаматтары күрмеуі осы уақытқа дейін шешілмей жүрген мәселелерді қозғады. Негізі, тұрғындардың айтуы бойынша, бұл ауылда бірәз жан жадыратар жұмыстар атқарылған. Таза ауыз су, көше жарығы, асфальт төселуі, көгілдір отынмен қамтылу деңгейі 100 пайыз көрсетіп отыр. Алайда олардың алаңдайтыны мүлде басқа. Осыған нақты тоқталған зейнеткер Болат Орынтаев 4 мыңға жуық егістік жерлері бар шаруалар 1-3 жылдан бері ағынсуға жарымай отырғанын, «Пуиид-2» бағдарламасы бойынша салынып жатқан латок, каналдар құрылысының сапасы мүлде төмен екенін және тепе-теңдігі жоқ латоктар 1,5 кубқа арналғанын, су тек 900 гектар алқапты қамти алатынын қынжыла жеткізді.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы