92 жастағы қарияның ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз!
Дона Мария Джило, 92 жастағы қарияның ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз. Түріне қарасаңыз, ол соншалықты кербез, әсем киінген. Таңғы 8-де шашы таралған, бетіне бояу жағылған, көзі нашар көрсе де өзін жақсы сезінеді. Жас болып қалудың құпиясы неде деген сауалға ол былай деп жауап береді. «Өзіңнің көңіл-күйіңді басқару аса қиын емес. Оны әр адам үйрене алады. Маған үйренуге тура бір жыл кетті. Есесіне қазір маған қандай көңіл-күй керектігін өзім шешемін. Ойымды қайда бағыттайтынымды, сезімді тежеп ұстауды үйрендім» деген екен ол қарттар үйіне алғаш келген күні.
«Әрбір атқан таң мен үшін аса бағалы сый. Көзімді ашқаннан жаңа күнге қуанамын. Күн сәулесімен бірге менің өмірімде орын алған бақытты шақтарым қайта оралатындай. Біздің қарттығымыз қалай өтетіні есте сақтау қабілетімізге тікелей тәуелді. Жадыға өміріңде болған бақыт пен қуаныштан көбірек сақтап алыңыз. Жасым келіп, бір аяғым көрде тұрса да мен өмірге қуанып, кез келген жағдайда көңілімді көтеріңкі ұстаймын. Нашар оймен, бос нәрсеге ұмтылумен, күтумен өмірімді текке өткізбеймін. Сонда әр күнің бақытты бола бастайды…» дейді қария. Оның кеңестерінде өмірдің шынайы табы бар. Біле жүріңіздер.
1. Маңызы жоқ сандарға бас қатырмаңыз. Адамның жасы, салмағы, бойы сияқты ұсақ-түйектерге мән бермеуге дағдыланыңыз. Оған дәрігерлер ғана алаңдасын.
2. Көңілді достармен ғана қарым-қатынасты сақтауға күш жұмсаңыз. Ұрса беретіндер, ештеңеге көңілі толмайтын жандар сізді тек төмен тартады. (Сол тырысқақтардың бірі өзіңіз болсаңыз, санаңызға түйіп алыңыз!)
3. Білім алуды жалғастырыңыз. Компьютер, кәсіп, бау-бақша туралы білім жинаңыз. Мейлі басқа нәрсе де бола береді. Тек санаңыз сартап болып қалмасын. Миыңызға ерінуге уақыт қалдырмаңыз. Тойшыл сана тек немістің Альцгеймер деген ныспысына орын қалдырады.
4. Әрбір ұсақ-түйекті бағалаңыз. Қатты бағалаңыз.
5. Жиі күліп тұрыңыз. Шын ниетіңізбен, бар дауысыңызбен, ұзақ күлуді үйреніңіз. Ішегіңіз түйілгенше күліңіз. Егер жаныңызда сізді күлдіртетін досыңыз бар болса, сол адаммен көбірек уақыт өткізіңіз.
6. Көз жасы болып тұрады.
Бекем бол. Қайғыр. Бір орында тұрып қалма, ары қарай адымда.
Өмір бойы сіздің жаныңызда қалатын жалғыз адам ол – сіз ғана. Тірі тұрғаныңда өмір сүр.
7. Көңілің қуанатын нәрселерге ұмтылыңыз.
Мейлі ол отбасы болсын, жан-жануар болсын, өсіретін гүл, кез келген хобби. Жаныңыз сүйетін нәрсеге көңіл бөліп отырыңыз.
Сіздің үй – сіздің қорғаныңыз. Тастамаңыз оны…
8. Денсаулығыңызды күтіңіз.
Бәрі жақсы болса – алға!
Күңкіл-қыңқыл көбейсе – деннің саулығына көңіл бөліңіз.
Өзіңіздің қолыңыздан жақсарту келмесе, онда көмек сұраңыз.
9. Өзіңізді кінәлі сезінген жерге оралмаңыз.
Дүкен аралаңыз. Шетелге қыдырып келіңіз. Тек өзіңізді кінәлі еткен жерге қайтып аяқ баспаңыз.
10. Сүйіктілеріңізге сүйемін деңіз. Бос қалған уақыттың бәрін соларға арнаңыз.
Аударған Шынар Әбілдә