96 отбасы баспаналы болды

Жаңа жыл қарсаңында Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінде 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.  Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, 96 отбасыға  пәтер кілтін табыстады.

7 қабатты қос зәулім тұрғын үйдің құрылысын  «Отау Строй» компаниясы жүргізген. Негізгі тапсырыс беруші – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы.

 f45735f6-c125-4fb6-8035-3e27fa59c41d«Жаңа жыл қарсаңында қоныстанғалы отырған баспаналарыңыз құтты болсын. Бұл үйлерді мемлекет сіздерге делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсынып отыр. Ұзақ мерзімді жалға беріліп отырған баспаналардың  сатып алу құны да арзан. Мемлекеттің осындай ігі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.

30299fd6-988c-4505-a36f-cddba84a065c  bcb7e997-907e-48eb-a1f3-fc5c5612e344

      Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көп балалы және мүгедек балалары бар отбасылар құрайды.  Сондай-ақ, жаңа қонысқа қол жеткізгендердің арасында жетім балалар мен оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер мен  бюджеттік мекеме қызметкерлері де  бар. Мұндағы тұрғын үйлердің әр шаршы метрі үшін жылдық төлем 900 теңгеден аспайды. 20 жыл мерзім аяқталғанда пәтерлер азаматтардың меншігіне айналады.  

f4efa36f-d111-4309-91f3-6d438d4d722c

         Жалпы, «Нұрлы Жол” мемлекеттік бағдарламасы мен “Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы” іске аса бастағаннан-ақ «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» Шымкент қаласында 2541 пәтерді  сатып алған.

ОҚО әкмінің баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған