Бас Мүфти: Қадір түнінің әр сәтінде сауап бар
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мадақ әлемдердің Иесі Алла Тағалаға тән. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның әулеті мен сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Рамазан – мейірім, кешірім, сауабы мол ай. Осы қасиетті айдың маңызын Қадір түні тіпті мәнді ете түседі. Алла Тағала айлардан – рамазанды, күндерден – жұманы, түндерден Қадір түнін артық еткен. Бұл түнде қасиетті Құран Кәрім Хазіреті пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсіріле бастаған.
Алла Тағала «Қадір» сүресінің 1-аятында: «Расында, Біз оны (Құран Кәрімді) Қадір түні түсірдік», – деп баяндаған. Ал «Қадір түні мың айдан қайырлы» екені осы сүреде айтылған.
Қадір – ерекше түн. Бұл түнде періштелер жерге түседі. Оның әрбір сәтінде сауап бар. Қадір кешін шынайы құлшылықпен өткізген адамға сексен үш жыл ғибадат еткеннің сауабы жазылып, екі дүниенің қуанышына бөленеді.
Алла Тағала баршамыздың Қадір түнінде жасаған дұғаларымызды, тілектерімізді қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін! Әумин!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діниб асқармасының төрағасы, Бас мүфти