Өзге біреу өз тағдырын əкеп сізге бермейді
Сізге берілген тағдыр үшін, соңына дейін өзіңіз күресіңіз! Ешкім жаныңызда болуға міндетті емес, өйткені олардың да Тəңір тарту еткен тағдырлары бар!
Қасыңыздағы кісілер өміріңіздің кейбір сəттерін көрікті ету үшін ғана жіберілгендер. Оның ішіне ата анаңыз да, бала шағаңызда кіреді. Өміріңізге шағымдануды доғарыңыз!
Сіздің тағдырды сүруді армандайтын адам қаншама… Қаншалықты қиын болса да күлімдеңіз! Сізді өміріне шағымданды екен деп өзге біреу тағдырын əкеп сізге бермейді! Бірде белгілі айтыскер ақын Ақмарал Леубаева апам «Əскентай балам, бал жалаған байдың да кедей ұқпас зары бар!»,- деп еді. Барыңызды бағалап, қанағат тұтыңыз! Тəңір тарту еткен тағдырыңыздың əр сəтінен лəззат ала біліңіз!
Əр күніңіз — бір тарих!
Әсел Айымбеттің фб-дағы парақшасынан