Адам денесіндегі «ең лас жер»
Американдық ғалымдар адам денесіндегі ең лас жер қайсы екенін анықтауға шешім қабылдапты. Сарапшылардың айтуынша, адам денесіндегі микроағзалар ең көп үймелейтін жер – кіндік болып шықты.
Аталған экспериментке жүзден аса адам қатысқан. Олардың ішінде әр түрлі жастағы ерлер мен әйелдер бар.
Адам денесінің әр түрлі жерінен алынған талдаулар нәтижесінде микробтардың ең көп мөлшері кіндікке жиналатындығы анықталған.