Әжем мен Анам айтып еді, енді мен айтайын, қарақтарым, естеріңде болсын!

  1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді.
  2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа.
  3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл.
  4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ЕРІМ, БАЛАЛАРЫМНЫҢ ӘКЕСІ, БОЛАШАҒЫМ деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды.
  5. Оны қадір тұт. Бар жақсы сөзіңді арна. Жұрттың, балаларыңның көзінше құшақтап, сүйме. Өзіңнің де, оның да қадірін қашырасың. Оның барлығы оңашада қылар іс. Ал басқа уақытта көз қарасың мен оған жасар жақсы ісің де жетіп жатыр.
  6. Оның жасар ісіне араласпа. Ақылды әйел сен араласпай-ақ қажет ақылын өзі келіп сұрап алады.
  7. Оны қызған. Тек жөнімен болғаны дұрыс. Ал шамадан артық қызғану ұрыс-керіске себепші.
  8. Қанша ұрыс-керіс болса да өз араларыңда болсын. Сыртқа шығарушы болма. Ұрыс-керісте иа сен жеңіл, иа ол жеңілсін. Ал қателік пен дұрыс-бұрысын ашуларың басылған соң талқылаған жөн.
  9. Оны ешқашан алдама. Кез-келген жағдайда тек шындықты айт. Оның өзіңе деген сенімін жоғалтып алма. Сезімнің іргетасы сенімнен қаланатынын ұмытпа.
  10. Не нәрсеге де сабыр қыл. Барды қанағат тұт. Әйеліңнен де осыны талап ет. Сол кезде ғана өмірдің барлық тосын жайларына қарсы тұра аласыңдар.

*Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан*
 (Тектанудан біраз ақпарат)

  1. Интеллект әкесінен баласына берілмейді. Яғни, егер сіз ғұлама болсаңыз, сіздің ұлыңызға бұл қасиет мүлде берілмейді.
    2. Нақұрыстық та әкесінен баласына дарымайды. Егер сіз түзелмейтін есалаң болсаңыз, онда сіздің ұлыңыз да сондай болады деу қате ұғым. (осыныңызбен құттықтаймыз!)
    3. Интеллект әкесінен тек қызына өтеді. Әрі тек жарым жартылай.
    4. Жігіт интеллектіні тек анасынан алады. Ал, анасы өз әкесінен алады.
    5. Ғұламаның қызы әкесіндегі ақылдың тура жартысына ие болады, ал оның ұлы ғұлама болады. Егер әкесі ақымақ болса, қызы да жартылай ақымақ болады.
    6. Сондықтан дана әйел болмайды. Сол сияқты жүз пайыз ақымақ әйел де жоқ. Есесіне ғұлама еркектер мен топас еркектер жетіп артылады. Осыдан ішкіш ақымақтар мен тірі жесірлер легі көбейді. Оған қоса нобель сыйлығының иегерлері. Олардың көбі ер адамдар.

Еркектер бұдан не түйеді:
1. Ұлыңның ақылын білгің келсе, әйеліңнің әкесіне қара. (егер ол академик болса, онда сіздің ұлыңыз да академик болады).
2. Қызыңыз ақылыңыздың жартысын алады. Сонымен қоса иттігіңіздің жартысын да алады. Интеллекті бойынша ол сізге жақын болады. Қызыңыздың ұлы сіздің ақылыңызды бүтіндей алады. Ақылды ұрпақ аңсасаң, қызым болсын де.
3. Сіздің ақылыңыз анаңыздан берілген. Нақтырақ айтқанда, нағашы атаңыздан.

Әйелдер не түйеді:
1. Сіздің ұлыңыздың ақылы — сіздің әкеңізден, “әкең сияқты топассың” деп ұрысуыңыз бекер.
2. Қызыңыздың тәрбиесі өзіңізге тартады, ал ақылы әкесінен беріледі. Қызыңыздың ұлдары күйеуіңіздің ақылын алады.

Әжемнің,анамның айтқандарынан..

Қазіргі заманда адамнын қандай екенін білу ушін қолына ақша мен билік беру керек…

Ешқашан биік шыңға шықтым деп асып тасудың керегі жоқ, аяғың сәл тайып кетсе жерден табыласың…

Кiмнің кiм екенін басыңа іс түскенде білесің…

Ешқашан ешкімнен кек алма, жәй ғана кешіре сал. Өмір оған өзі-ақ жазасын береді.

Қиындықтар – өткен өміріңнің жазасы емес, жарқын болашағыңа берілген сынақ

Көп адамдардың бетiндe – көрінбейтiн маска бар…

Адамды кедейлік немесе байлық құртпайды, көреалмаушылық пен қызғаншақтық құртады..

Өзгені төмендеткеннен өзің биік боп қалмайсың.

Жаның ауырып тұрса да, күлімде
Сенің жағдайыңды өзіңнен басқа ешкім түсінбейді…

Адамның сәттіліке жетуін оның қанша жетістікке жеткенімен емес, оның осы жолда қанша қиыншылықтан өткеніне қарап бағалау керек!

“Адамдар не ойлайды?” деген сұрақ ең соңғы орында тұруы керек. Бәріне бәрібір. Өмір — сенікі ғой.

Өзін өзгеден жоғары қойған адамдарды тағдырдың өзі төменге түсіреді.

Бағың жанып, тасың өрге домаласа, арзанқол достар мен дұшпандарың
Көбейеді

Ешқашан ақталма.
Достарың ақталуыңды талап етпейді.
Дұшпандарың бәрібір сенбейді.

Уақыттың қадірін өлім түсіндіреді,
Өмірдің қадірін көрің түсіндіреді.
Сезімнің қадірін сенім түсіндіреді.
Сөзінңің қадірін білім түсіндіреді.
Бардың қадірін жоғың түсіндіреді.
Бақтың қадірін сорың түсіндіреді

Жақындарыңызға айтқан ауыр сөздеріңіз олардың жүрегіне шегедей қағылатынын біліңіз. Ол шегені кешірім сұрап алып тастасаңыз да, орнында ойық қалады. Сондықтан шын жақсы көретін адамдарға көңіліне тиетін сөздер айтпаңыз.

Өмірдің қиындығын көп көрген – көп нәрсеге қол жеткізеді.

Өмірдің ащысын көп татқан адам – тәттінің қадірін біледі.

Өмірде көз жасы көп төгілген адам – шынайы күле алады.

ӨМІР – ең үлкен ұстаз…

Біреуді өсектемес бұрын, оның киген аяқ-киімің киіп, оның жүрген жолымен жүр. Оның жолдағы шалынған әр тасына шалын. Оның бар ауыртпалығын сезін. Сондан кейін ол туралы өсек айт.

Сен күн болсаң да, тас секілді адамдар болады. Олар- жүрегіңді жаралайды, күйе жағып қаралайды. Олардың алдында ақталма! Себебі, күнге күйе жағалмайды!

Мен әлемдегі ең керемет ананың перзентімін
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.

Егер сізді өсектесе, қамықпаңыз. Біліңіз – құрттар тек дәмді жемістерге жабысады!

Неліктен жылаған кезде, адам жеңілдеп қалады?!
Себебі көз жастармен бірге қайғы, өкпе мен реніш шығып кетеді.
Реніш кетеді, ашу басылады. Бірақ көңілің ешқашан баяғыдай болмайды.

Ең бастысы – өзіңе сен. Маңыңдағы адамдардың көзқарасы күнде өзгереді.

Ауыздан шыққан әрбір сөзге ие бол.Ол сөз – біреудің кеудесін тесер оқ болса, енді біреуге жан-жарасын емдейтін шипа болады.

Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.
Әжемнің,анамның айтқандарынан.. Қызық!  Естеріңде болсын..!

«Өмір өтіп бара жатыр» деп жиі налимыз, бірақ жүрегіміздің түбіне терең үңілсек, сол өмірдің шынымен өтіп бара жатқанына өкініш таппаймыз.

Қолымыздағы 100 теңге садақа үшін беруге көптік етеді, ал «сол 100 теңгеге базарға барып сауда жаса» десе күлкіміз келеді.

Бір күннің бір жарым сағатын құлшылыққа арнауды қиынсынамыз, ал 90 минут болатын футболдың қызықты өткені соншалық, қалай аяқталғанын байқамай қаламыз.

Футболда қосымша уақытқа келгенде көгілдір экранға кіріп кете жаздаймыз, ал рамазан айындағы қосымша құлшылықтарды көпсінеміз.

🗣 Дұға жасап жатқанда сөзге сараң боп қаламыз да, ал біреу жайлы өсек айтқанда аузымызға тоқтау таба алмай қаламыз.

Құраннан бір пара оқуды көп көреміз, алайда «Жұлдыздар отбасын» оқығанда 30 беттің аз уақытта аяқталып қалғанын байқамай қаламыз.

🕌 Концерттік бағдарламаларға барғанда алдынғы қатарға отыруды қатты қалаймыз, бірақ мешітте соңғы қатарлардан орын алуға тырысамыз.

Жұма намаздарына барғанда имамның аузынан естіген уағыздарымызды өзгелерге жеткізуді жөн деп білмейміз, бірақ ел аузында жүрген өсек-аяңды теріп әкеп, дастарқан басында шашып саламыз.

Күнделікті сериалдардың басталуын сабырымыз таусылып тұрып күтеміз де, ал намаз уақыттарының өтіп бара жатқандығына алаңдамаймыз.

 Өмірдің өткінші екенін ойлап, өлгіміз келмейді, солай бола тұра жұмаққа кіруді армандаймыз. 

Болмашы сурет,видеоларды асыға репост жасаймыз ,ал бұл керемет мағлұматты достарымыз оқу үшін репост жасамай тек өзіміз оқып қана қоямыз!!: Біреу арықтай алмай жүрсе,
Біреу тола алмай жүр.
Біреу баласын үйлендіре алмай жүрсе,
Біреу келінін жақтырмай жүр.
Біреу жұмыс таба алмай жүрсе,
Біреу жұмысынан шаршап жүр.
Біреудің сәби сүюге денсаулығы болмай жүрсе,
Біреу “көп балалымын” деп асырауға көмек сұрап жүр.
Біреу өмірлік серігін таппай жүрсе,
Біреу ажырассам ба деп ойлап жүр.
Біреу жалғызсырап туыс таппай жүрсе,
Біреу туысынан қашып жүр.
Біреу ақша төлеп білім алып жүрсе,

Біреу тегін сабағына бармай жүр.
Біреу үлкеен үйде тұрып бақыттың кілтін таппай жүрсе,
Біреулер кішкентай пәтер жалдап тұрып-ақ бақытты өмір сүріп жатыр.
*Түйін:*
Әркімде әртүрлі бақыт бар. Сол бақытымызды барында бағаласақ бақытты боламыз!

Elana.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған