«Қазақстанның үздік тауары – 2022»

«Қазақстанның үздік тауары – 2022» жәрмеңкесіне Сарысу ауданының кәсіпкерлері де өз тауарларын ұсынды
Бүгін Тараз қаласында орналасқан «Көне Тараз» мұражайында отандық тауарлардың жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.
Жәрмеңке аясында Сарысу ауданынан барған Жаңатас қаласының кәсіпкерлері «Ұлбосын» ЖК , «Асыл тұз» ЖШС, «Захарова», «SLAVA» ЖК иелері «Қазақстанның үздік тауары – 2022» көрмесіне тұрмысқа қажетті тазалық құралынан бастап, киім-кешек, былғары аяқ киімдер, азық-түлік өнімдері ұсынуда.

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық тауардың сауда орындарына кедергісіз шығарылуын қамтамасыз ету керек. Үкімет «Атамекен» палатасымен бірлесіп, «Қазақстанда жасалған» Made in KZ жалпыұлттық жобасын бастау үшін ұсыныстар әзірлеуге тиіс деген болатын.
Бұл ұсыныстар кәсіпкерлер үшін үлкен көмек болары сөзсіз.