ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПКЕ ЖЕҢ ТҮРІП КІРІСУ ҚАЖЕТ

Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің тигізер ықпалы өлшеусіз. Жергілікті тұрғындардың арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы да жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту болып табылады.
Бұл саланың өнімдеріне деген сұраныс та жоғары, азық-түлік тауарларынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Сондықтан қарапайым жұрттың қамын ойлаған ел экономикалық даму стратегиясында бірінші кезекте жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға айрықша басымдық беруге тиіс.
Осы орайда Жамбыл облысында 2022 жылдың қаңтар-маусымында 2,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, (2021 ж. –2,2 млрд. теңге), НКИ – 149,2% құрады. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі – 0,8 пайызды құрады.
Өңірде былғары-аяқ киім өндірісі, тоқыма бұйымдары, киім өндірісі дамыған. Саланың негізгі кәсіпорны – «ТаразКожОбувь» ЖШС, оның қызметі тері бұйымдарын өндіруге және былғары аяқ киімнің кең ассортиментін тігуге негізделген. Салада өнім көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыстарға, сұранысқа байланысты.
2022 жылғы қаңтар-маусымда заттай мәнде өндірілгені:
— аяқ-киім – 94,4 мың жұп (2021 ж. – 78,4 мың жұп).
Аумақтық кесімде, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7 ауданда артқан: Жамбыл (104,6%), Қордай (102%), Сарысу (102,9%), Талас (101,4%) және Шу (100,2%), Байзақ (100,3%), Меркі (101,7%). Жуалы (90,8%), Т.Рысқұлов (99,2%) және Мойынқұм (97,5%)
Тараз қаласының кәсіпорындарымен 2022 жылдың қаңтар-маусымында 238,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ – 108,5% құрап отыр. Облыс орталығының жалпы өнеркәсіптегі үлесі – 61%.
Әлеуметтік-экономикалық маңызы зор бұл саланы дамытуға әлемнің көптеген елдері әлдеқашан түбегейлі бетбұрыс жасаған. Олай болса бізде жеңіл өнеркәсіпке жең түріп кірісуіміз қажет.

Көркем Асқар