ҚАЗАҚТЫҢ ДӘЛ КЕЛЕТІН ЫРЫМДАРЫ. САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗДАР

• Үйді айналып жүгірме, бас айналар түбінде.
• Халық берер бағасын, сен әзірге баласың.
• Үйді айналсаң, өскенде үйкүшік боп қаласың.
• Жаңа үйге көшіп келген отбасына «қонақ жайлы болсын!» дейді.
• Егер үйге байғыз қонып, бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды.
Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
• Үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен малмүлікке ие болады, дәулет артады.
• Үйге жүгіріп кірмейді.
• Үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.
• Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.
• Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.
• Үй сыртына ит сарып кетсе, құт болады деп жақсылыққа жориды.
• Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
• Пәле — жаладан аулақ деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.
• Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ (сүт тағамы) құйып шығарып барып өлтіреді. «Жыланға да ақ құйып шығарады». • Бір үйге шаруасы болып келген адам отыруы, асығыс болса, бір тізесін бүгуі керек. Өйтпесе келген үйдің сиыры түрегеп бұзаулайды дейді.
• Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды.
• Сыпырғышты тік қоймайды және жоғары қоймайды.
• Жазда үйге құйын келе жатса үлкен — кішілер қолына таяқ алып оны «таздың үйіне бар, пәленше таздың үйіне бар!» деп қуалайды.
• Үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, ол үй балапан ұшып кеткенше көшпейді, ұясын бұзбайды.
• Біреудің үйі өртенсе оның арты жақсылық болады деп ырымдайды.