Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті және Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында жұмыссыз жастары мен тұрғындарына арналған бос жұмыс орындары бойынша жәрменке өткізілді.
Департамент қызметшілері тарапынан жастарға және тұрғындарға мемлекеттік қызметке түсу тәртібі және тестелеуден өту қағидалары түсіндірілді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті