Тұрғындардың ұсыныс-тілектері ескерусіз қалмайды
Алғашқы жұмыс сапарымды Нұрлыкент ауылдық округінің Түктібай ауылынан бастап, бірінші кезекте ауылдағы М.Әуезов атындағы орта мектептің жай-күйімен таныстым.
Аталған мектеп 1961 жылы салынған. Содан бері жөні түзу жөндеу көрмеген білім ошағының жағдайы ауыл тұрғындарын алаңдатып отыр. Түктібай ауылының тұрғындарымен болған кездесуінің барысында ауыл қариялары ұзақ жылдан бері қалыптасып отырған мектептің мәселесімен қатар, ауылдағы ауызсу мәселесін де көтерді.
Әрі қарай Нұрлыкент ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жайымен таныстым. Сонымен қатар, ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, екі жақты пікір алмастым.
Ауыл тұрғындары кездесу барысында 3 700 тұрғыны бар Нұрлыкент ауылына спорт алаңшасын немесе заманауи спорт кешенін ашу мәселесін, сонымен қатар, ауылдағы бірқатар көше жолдарын орта жөндеуден өткізу туралы ұсыныстарын жеткізді.
Тұрғындардың ұсыныс-тілектері ескерусіз қалмайтын болады.
Мұртаза Жалгас, Жуалы ауданының әкімі