ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТАРЛАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Жуырда облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен Тараз қаласында тоғызқұмалақ ойынының дамуына еңбек сіңірген спорт ардагерлері Әбілда Ақшораев және Серікбай Тілеубаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ІІІ республикалық-рейтингілік турнирі өтті. Жарысқа 7 облыстан 130 спортшы, оның ішініде 5 спорт шебері, 35 спорт шеберіне үміткер азаматтар қатысты. Жас ерекшеліктері бойынша өткен сайыста бесағаштық Береке Спандияр екінші орын иеленді. Бахытжан Сүлейменов жаттықтыратын бозбала алда біліктілігін шындап, биік белестерге ұмтылатынына сеніміміз зор.

Жамбыл ауданы әкімдігі