«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында 3 инвестициялық жоба жүзеге асады:
«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында 3 инвестициялық жоба жүзеге асады: 1. «Qazsugar Co» ЖШС — қант зауытының құрылысы, жобаның құны – 98,2 млрд.теңге. Жобаның құаттылығы – 150 мың тонна жылана. Зауыттың құрылысы 2020 жылдың IV тоқсанында басталды, пайдалану кезеңінде 300 жұмыс орнын құру жоспарлануда; Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың IV тоқсаны. 63 Га жер телімі берілді.
Видеоплеер
00:00
00:07
2. «AltynalmasReagents» ЖШС – жылына 25 мың тоннаға дейін натрий цианидін өндіру, жобаның құны 75 млн. АҚШ доллар, 78 жұмыс орны ашылуы жоспарлануда. Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың IV тоқсаны. 12 Га жер телімі берілді. 3. «TAS Market» ЖШС Экономикалық аймақта жылдық қуаттылығы 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін ферросилиций, ферросиликомарганец, техникалық кремний, түсті металл өндіретін металлургиялық комбинат құрылысын жүргізуді жоспарлауда. Жоба бойынша 1500 жаңа жұмыс орны құрылады. Іске асыру мерзімі — 2022-2026 жылдар аралығы.
Жамбыл облысы әкімдігі