АҚЫЛ МЕН БІЛІМ

Ақыл мен білім бірге жүруге тиісті егіз ұғым, бірақ көп адамға мұндай адами қасиет бұйырмаған. Көп оқып білім алған адам “ақылдымын” деп ойлайды, бірақ бұл үлкен қателік.
Ақыл тәрбиемен, өмір тәжірибесімен келеді, ал білім инемен құдық қазып оқып-тоқумен келеді. Білімді ақылмен тоқымаса қанша жыл оқыса да адамға білім де қонбайды. Дипломы барды да “білімі бар” деп айту қазір қиын. Бес дипломы бардың да ақылы жоқ екенін көріп жүрміз.
Ақыл — дұрыс та терең сапалы білім алудың қорытындысы. Ақылы бар адам жетпей жатқан білімін игеруге ынтасы көп болады, қажетін ілезде оқып-тоқып біліп алады!
Ақыл дегеніміз жиған-терген білімін адами құндылықтарды басшылыққа ала отырып игі істерді атқару үшін қабылданатын шешім!
Қазір ақылы жоқты да, білімі жоқты да төрге шығарып ел билетіп қойған тозық заман болып тұр ғой. Ақылы жоқ төрге шыққандары бүгін басқа да шығып отыр. Кез келген мекеме адамды диплом деген қағазына қарап, отырып тоздырған орындарына қарап жауапты қызметке қызметке алады. Одан 30 жыл ештеңе өзгерген жоқ, енді қазағымызды жарға жықпайын десек жауапты қызметтерге, әсіресе лауазым иелерін, ақылмен өлшеп ақылы бар адамдарды тағайындайтын заман келді.
Мүмкін ақылдың өлшеуіштерін әзірлеу қажет шығар?!
Шіркін-ай, аталы сөзбен, билік айту мүмкіндігін беріп өткір тілмен сынайтын ұлағатты абыз ақсақалдарымыз да жоқ бүгін! Елге қызмет жасайтын жанның бәрін ақылдың тезінен өткізуді міндеттеу керек!
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол адам өміріне опат әкеледі» — деп кешегі Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтып кетті емес пе!?
Тәрбие елімен қоян-қолтық көп араласқан, қиындықтарды елімен бірге көріп бірге еңсерген жанға ғана қонады, тәрбиемен бірге оған ақыл да қонады!
Кеңес үкіметі кезінде кадр саясаты төрге шығам деген жанды төменгі қызметтен бастап өмір иірімдерімен өрмелететін еді, бұл жақсы нәтижесін берді!
Ақыл жүрген жерде адал, әділетті, саясаттың шырмауынан жол тауып шешім қабылдай алатын жүрек те жігер де болады!
Әлде де кеш емес, кадр біліктілігін жетілдіру оқу орындарында тыңдаушыларға “тәрбие” сабағын, “ақылды қызмет” сабағын егуді қолға алу керек!
Бұл қазір “ақылды үй”, “ақылды қала” деген үкіметтің қымбат тұжырымдарын игеруден қиын емес шығар?! МҮТАЛАП ӘБСАТТАРОВТЫҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН