«Шырақ» тіл орталығы қарағандылықтарды тегін курстарға шақырады
Қарағандыда «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы ашылды. Ниет білдірушілер қазақ және ағылшын тілдері курстарынан тегін өте алады.
Тіл орталығы Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен ашылды. Ол Жамбыл көшесі, 151 мекен-жайы бойынша орталықтандырылған кітапхана жүйесінің базасында орналасқан.
– Қалада тілдік курстар аз емес. Бірақ, әдетте, бәрі ақылы. Біз адамдар тілдерді тегін оқи алатындай орталық ашуды ұйғардық. Қарағандылықтардың алғашқы легі мемлекеттік тілді үйренуді 20 шілдеден бастады, – дейді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Томирис Мұхамеджан.
Қазақ тілін Ерлан Рахимов есімді оқытушы жүргізеді. Әзірге курстарға 15 адам тіркелген. Бірақ орталық қызметкерлері жақын арада тілек білдірушілердің саны артатынына сенімді. Орталықта ағылшын тілі курстары да іске қосылады.
– Егер тілек білдірушілердің ағымы үлкен болса, біз оларды кіші топтарға бөлеміз. Алдағы уақытта сабақтар кешкі уақытта да өткізілетін болады. Сабақтар аптасына бір рет өтеді», – деп қосты Томирис.
Қазір орталықта қазақ және ағылшын тілдерінің оқытушыларын қабылдау жүріп жатыр. Болашақта түрік және қытай тілдерін оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда. Курстарға мына нөмірлер бойынша жазылуға болады: (8-7212) 50-65-59, 42-14-61.
Жомарт Шаймұрат